Accessibility links

АҚШ пен БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі Ирақ үстінде туындаған көзқарас алшақтықтарын артта қалдырғысы келеді.

  • Смағұл ЕЛУБАЙ

Өткен жылы Қауіпсіздік Кеңесінде бір жағы АҚШ болып екінші жағынан Франция Германия Ресей болып Ираққа қарсы соғыс ашу үстінде текетірес айтысқа түскені белгілі. Президент Буш бастаған АҚШ басшылары Ирақта жойқын қару бар, ол жойқын қаруды жоюға Ирақ асықпай отыр сондықтан біз Ирақты өз талабымызға күштеп көндіреміз деді. Ал, Франция болса Қауіпсіздік Кеңесінің қаулысынсыз ол соғыс заңсыз деп отырып алды. Бұл тұста Ираққа қарсы соғыс ашқан АҚШ біржақты шешім жасап соғыс ашқан ел ретінде көрінді. Буш әкімшілігі ол соғысты алдын-ала соққы деп ақтады. Яғни, Ирақ бомбасы төбемізге келіп түспестен бұрын қиымылдау деп түсіндірді. Бұл пікірді талдаушы Джин Киркпатрик те қолдайды. Ол Роналд Реиген тұсында АҚШ –ның БҰҰ-дағы елшісі болған.

"Бұндай дағдарыс кезіндегі іс-қыимылдың жалғаз бұлағы Қауіпсіздік Кеңесі деу тым асыра айтушылық" дейді ол.

БҰҰ Хартиясының 51 бабына сәйкес кез-келген ел өзіне шабуыл болғанда ғана өзге елге шабуылдауға құқылы. Алайда бұл жерде террористердің Америкаға 11 қырқүйекте шабуылдағаны еске түседі. АҚШ сондай шабуылдың алдын алу үшін алдын-алу соғысы деген уәж келтірді. Алдын-алу соғысы дегенді АҚШ президенті Буш сол 11 қыркүйектен кейін паш еткені аян. Америка ол тұста талдаушы Бартонның тілімен айтқанда жан-жағына құлаш сермеген жаралы арыстан еді.

Франция НАТО Сербияны бомбалап жатқанда да қарсы болмады. Шынтуайтына келгенде Сербияға НАТО-ның шабуылы да БҰҰ-ның жоғары да аталған хартиясына қайшы келетін іс болған.

Енді мінеки Франция бүгін Гаитиге ҚК-нің шешімінсіз-ақ АҚШ-пен бірігіп әскер кіргізіп отыр. Бұны Франция жағы гуманитарлық дағдарыстың алдын-алу деп біледі. Бұл теорияға салсақ Сербияға шабуылды ақтауға болады. Ол кезде де Сербияның Косова өлкесінде гуманитарлық дағдарыс орын алғаны есте. БҰҰ-ның Бас Хатшысы Кофи аннан өткен жылы бір беделді комиссия құрды. Ол комиссия міндеті әлемде пайда болған жаңа қауіп-қатермен күрес жолдарын анықтау. Яғни ланкестік-терроризм мен жойқын қару қауіпінен алдын-ала сақтану жолдарын іздестіру. Ондай қауіп -қатерге қарсы күресті заңдастыру. Комиссия міндеті БҰҰ-ның хартиясына жаңа бап енгізу мәселесін қарастыру. Бұл комиссия өз ұсынысын алдағы қыркүйек айына шейін дайындауға тиіс.
XS
SM
MD
LG