Accessibility links

Гаити президентінің өзін биліктен кетуге мәжбүрледі деген мәлімдемесін Вашингтон жоққа шығарды.


ВАШИНГТОН: Гаити президентінің өзін биліктен кетуге мәжбүрледі деген мәлімдемесін Вашингтон жоққа шығарды. Кеше Си-Эн-Эн телекомпаниясына берген сұхбатында Орталық Африка Республикасын паналаған Жан Бертран Аристид өзін АҚШ әскерилері ұрлап алып кетті деп мәлімдеді. Гаитидің астанасы –Порт-О-Пренске бүлікшілердің жасақтары басып кірді. АҚШ-тың қорғаныс министрі Дональд Рамсфелд Гаитиге халықаралық күштердің 5 мың әскері баратынын, оның 2 мыңын АҚШ жауынгерлері құрайтынан хабарлады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG