Accessibility links

Сербияның жаңа парламенті бүгін премьер-министр Воислав Коштуница жасақтаған үкіметті дауысқа салады.


БЕЛГРАД: Сербияның жаңа парламенті бүгін премьер-министр Воислав Коштуница жасақтаған үкіметті дауысқа салады. В.Коштуница 18 мүшесі бар жаңа үкіметін өткен жылдың 28 желтоқсанында сайланған парламенттің назарына ұсынды. Оның Демократиялық партиясы либералдармен және монархистермен бірлескен коалициялық үкімет жасақтауға келісті және парламенттегі көпшіліктің қолдауына ие болуы қазір сотқа тартылған бұрынғы Югославия президенті Слободан Милошевичтің Социалистік партиясымен де тіл табуға тырысуда.
XS
SM
MD
LG