Accessibility links

Кербала мен Бағдаттағы бомбы жарылыстарынан кемінде 150-дей адам қаза тауып, 300-дей кісі жарақат алды.


Бағдаттан алынған хабарларға қарағанда, Наурыздың 2сі сейсенбіде, Ирақ астанасы Бағдат пен Кербала қалаларында болған қатарынан бір неше жарылыстан кемінде 150 адам қаза тауып, 300дей кісі жараланған.

Ирақтағы мұсылман қауымының ең қасиетті қаласы есептелетін Кербала және Бағдатта қатарынан бір неше дүркін террорлық жарылыс болған.

- Осы сәттегі мәліметтерге қарағанда, Кербалада кемінде 60 адам қаза тауып, жүзден астам кісі жараланған болса, Бағдатта одан да ауыр 80 шақты адам опат болып, екі қалада жалпы алғанда 300 дей кісі жарақат алған.

Кербала мен Бағдат 100 шақырымдай қашықтықта. Бірақ 7, 8 рет болған жарылыстың уақты - бірдей. Демек алдын ала өзара үйлестірілген шабуыл десе де болады.

Жарылыстар Кербалада таңғы сағат 10да, шииттердің ең қасиетті орындарынан бірі Аббас мешіті алдында болған.

Ислам елдеріндегі Мұхаррам айының оны күні , яғни бүгін - шииттердің Ашура мерекесі. Бұл күні олар Мұхаммад пайғамбар ғалайи ассаламның немересі Имам Хұсейннің осыдан 13 ғасыр бұрын қаза етілген күнін еске алады.

Яғни оларша айтқанда, тәзие күні. Бұл күні ол қасиетті орынға жүз мыңдаған тіптен млндаған зиратшы келеді.

Олар кеуделерін бастарын темір таяқ, қылыштармен соққылап, Имам Хұсейннің бір кездегі азапталған кейпіне түседі. Бүгін де солай болаған. Бірақ олар мынадай қайғылы апатқа кезігіп отыр.

Бір шатағы - бұл күні АҚШ және одақтас күштер, бұл аса кең ауқымды діни шараға орай , қауіпсіздік және тәртіп сақтау міндеттерін ирақтың өз полиция, әскери күштеріне қалдырған екен. Дегенмен, көше, алаңда жараланып , құлап, жығылып жатқан адамдарды, дені саулары көтеріп алып, жедел жәрдем көліктеріне жеткізуге тырысқан.

Күәлардың айтуынша, бомбылар көшедегі қоқыс салатын жәшіктерге орап салыныпты.

Бағдаттағы 3 жарылыс солтүстік батыс аудандағы Қазимия мешіті маңайында болған. Жүз мыңдаған адам, оның ішінде бүкіл денесімен бастан-аяқ қара киімге оранған әйел-қыздар ол аласапыранда қандай халде болғандығын көз алдыңа келтірудің өзі де қиын жағдай.

Жараланып, бірінің үстіне бірі құлап жатқан адамдардың бір тобы соғыс ашып, жұртты осындай халге түсірген американдықтарды қараласа, басқалары ал қайдалық пен сүнни әсірешілдеріне қарғысын жауып жатты.

Әзірше бірер ресми мәлімет жоқ. Бірақ Саддам Хұсейн билігі кезінде мұндай діни шараға тиым салынған екен. Ал , азап шеккен адам не демейді. Жарылыс болған жердегі қауым тіптен теле жұрналистерге сес көрсетіп, мұның бәрін сендер ұйымдастырдыңдар, дегенге дейін барыпты.

Меніңше , бұл қасиетті діни мерекені әдейі бұзу ниетінде жасаған дұшпандық әрекеті, дейді АҚШтық генерал Марк Хертлинг СиЕнЕн теледидарына.

Кейбір мәліметтерге қарағанда, Кербалаға Иран, Пәкістан, Ауғанстан және өзге мұсылман елдерінен 2 млндай адам келіпті. Кербалада Мұхаммад Пайғамбардың немерсеі Имам Хұсейн жерленген.

Американдықтардан бұл күні Бағдатта бір сарбаз қаза тауып, екіншісі жарақат алған.
XS
SM
MD
LG