Accessibility links

Алматы қаласындағы кейбір зағип жандар «Бико» фирмасының алдында өз наразылықтарын білдірді.

  • Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ

Наурыздың 3 күні Алматы қаласындағы зағип жандар еңбек ететін кәсіпорындағы кейбір зағип жандар Төле би мен Мұрабаев көшесінің қиылысында орын тепкен «Бико» фирмасының алдында наразылық білдірді. Наразылық білдіруші зағип жандардың айтуынша, олардың осындай шараға баруына екі түрлі жағдай себеп болған. Оның біріншісі аталмыш кәсіпорынның директоры Ибрагимова Алтынайдың тоғыз зағипты жұмыс орнына кіргізбей қою туралы шешім шығаруы, ал екіншісі кезінде кәсіпорынның иелігінде болған баспахананың «Бико» атты жекеменшік фирмаға беріліп кетуі. Наразылық білдіруші зағип жандардың өзі болса, бұл туралы былайша баяндап берді.

1 зағип. Кеше тағы да айқай-шу болды осында. Мына үкімет басындағы отырғандар көңіл бөліп, мына жердегі тәртіпсіздікті жағдайға келтіріп бір түзесе. Біздің мына кәсіпорын тоқтайтын болса, болды бітті. Телевиденияға да шақырып, осында бірнеше канал келіп, бізді түсіріп алып кетті, көрсетеміз, көмектесеміз, өйтеміз-бүйтеміз деді. Құрғақ әуде бәрінің беріп жатқаны.

2 зағип. Ибрагимова өзі не істесе соны істейді. Біресе халықты қорқытады, үйімізге хат жазады. Өткен жұма күні әркімнің үйіне хат келіпті, сендердің бәріңді жұмыстан қуам деп. Біресе өтірік алдайды, анау-мынау деп.

3 зағип. Біздің соқырларды ұруға да барды. Оған қағаз жазып учасковый милиционерге беріп едік, 17 ақпаннан бері мағынасын несін нетпей, Ибрагимова деген представитель ЦП ның, осында сатуға келіп жүрген, Ермекпенен, президентіменен издательский дом «Биконың», бүкіл СМИ ге барып, бүкіл учасковый милиционерлерге барып, соларды қорқытып, кеше 30-40 милиционер әкеліп, бәрін тексеруге, каждый паспортқа шейін тексерді. . Біз осы мәселеге байланысты кәсіпорында жұмыс істейтін басқа да жұмысшылардың пікірін сұраған едік. Осы оқиғаның куәгері болған кәсіпорында жұмыс істейтін Виктор Николаевич болған оқиғаны былайша баяндап берді.

«Мен жұмыстан шыққан кезімде, есіктің алдында көптеген адамдар жиналып қалыпты. Олардың арасында милиция қызметкерлері де болды» деді осы кәсіпорынның жұмысшысы Виктор Николаевич.

Біз наразылық білдіруге шыққан зағип жандармен әңгімелесіп тұрған кезімізде, жанымызға «Бико» фирмасының өкілі Еркін Сыздықов деген азамат келіп, аты-жөнімізді жазып алды. Біз Еркін Сыздықовтан осы мәселеге байланысты түсініктеме беруін өтінген кезімізде, ол өзінің түсініктеме бере алмайтындығын тілге тиек етті.

«Біз әзірше түсініктеме беруден бас тартамыз. Өйткені бізге ахуал әлі түсінікті емес» деді «Бико» фирмасының өкілі Еркін Сыздықов.

Ал, кәсіпорынның директоры Ибрагимова Алтынайдың айтуынша, өзін ынталы топпын деп есептейтін он шақты адам, жалған ақпарат таратып жүр.

Ибрагимова Алтынай, кәсіпорынның директоры. Предприятиені жабу, өнеркәсіпті жабу, өнеркәсіпті сату, ол КОС тың уставына сәйкес жоғарғы органның құқығына жатады. Ибрагимованың қолында устав бойынша, сатуға, залогқа беруге, банкротқа түсіруге, ондай құқық жоқ. Бұның барлығы жалған таратылған лақап. Менің атымды кірлетіп, мені жұмысқа жібермей жаман жағымнан көрсетіп, бүкіл елге, сөйтіп, қоғамдық пікір туғыздырып, мені жұмысқа кіргізбеу.

Бізде типография болған. Типография 1998 жылдары Карибаев председатель болып тұрған кезде, екі-үш жыл басқа фирмаға отчужден был. Жеті адамға Кәрібаевтың арызы бойынша, КОС тан алынып, басқа ТОО болып жұмыс істеген. Сол үшін біз сотқа беріп, оны қайтардық. Екі-үш жыл бойына басқа біреудің қолында, басқа КОС тан тыс обьект ретінде жұмыс жасап тұрған кезінде, БИКО ол жерге арендаға келісім жасасқан.

Ал, наразылық білдіруге шыққан кейбір зағиптар, алдағы уақытта да өз наразылықтарын жалғастыра беретіндіктерін айтып отыр.
XS
SM
MD
LG