Accessibility links

АҚШ пен Ирақ әкімшілігі Ирақта осыдан екі күн бұрын болған террорлық шабуылдарда байланысы бар деп шамаланған сүнни жауынгерін іздестіруге кіріскен.


Вашингтоннан тұрып, АҚШтың Ирақтағы қазіргі қолбасшысы генерал Джон Абизаидтің айтуынша, йорданиялық Мұсаб ал-Зарқауидің ол шабыулдарға қатыстығы барлығы жөнінде АҚШтың айғақтары бар.

- Біздегі барлау мәліметтеріне қарағанда, ол шабуылға Зарқауидің байланыстығы бар. Сондай-ақ, Зарқауи мен Ирақтағы бұрыңғы әкімшілік режим, әсіресе, Ирақ барлау қызметі арасында өзара байланыс бар сықылды. Террорлық топтың бұрыңғы Ирақ барлау қызметімен өзара үйлесе қызмет етуі бізді ерекше алаңдатып отыр, - дейді генерал Абизаид.

АҚШтың Ирақтағы қазіргі уақтынша әкімі Пол Бремер Бағдат пен Қарбаладағы шабуылдар үшін шет елдік жауынгерлерді айыптайды. Оның айтуынша, Ирақ шегара аймағындағы қауіпсіздікті нығайту үшін шаңа шаралар жасалады.

Бүгін бейсенбіде Мосул қаласындағы бір полиция бекетінде болған минометтық шабуылдан кемінде 3 кісі жараланған.
XS
SM
MD
LG