Accessibility links

БАҚұралдарының халықаралық ұйымы абақтыға салынған Түрікменстандағы Азаттық радиосы тілшілерінің бостандыққа шығарылуын талап етеді.


Шегара білмейтін репортерлар деп аталатын ол топ Түрікменстан әкімшілігінен жазушы-журналистер Рахим Есенов пен Ашырғұлы Байриевтің тұтқыннан босатылуын сұраған. Азаттық радиосының бұл екі тілшісі ақпанның 26сы және наурыздың 1і күндері тұтқындалған болатын. Халықаралық құқық қорғау тобының айтуынша, абақтыда олар азапталуы мүмкін. Рахим Есеновты жаңа кітабын Ресейде бастырып, Түрікменстанға алып кіргендігі үшін ұстап отырса, Байриевтің не үшін тұтқындалғандығы беймәлім.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG