Accessibility links

Алматыда «Орталық Азиядағы қауіпсіздік және сыртқы күштердің мүдделері» атты халықаралық мәслихат басталды


Орталық Азия аймағының қауіпсіздік мәселесіне арналған, халықаралық конференцияны Қазақстанның қазіргі заман саясаты жөніндегі халықаралық институты, Германияның Роза Люксембург атындағы халықаралық қоры және Ресейдің саяси зерттеулер мен стратегиялық орталығы бірлесіп ұйымдастырып отыр.

Екі күнге жалғасатын бұл конференцияның алғашқы күні, яғни наурыздың 5 күнгі отырысында Орталық Азия аймағына төнетін қауіп-қатерлер АҚШ, Ресей, Қытай секілді ірі державалардың осы аймақ үшінгі мақсат-мүдделері, сондай-ақ діни экстремизм, терроризм, есірткі тасымалы, заңсыз миграция секілді көптеген мәселелер қамтылып, сарапшылар тарапынан талқылана бастады. Халықаралық конференцияға Германия, Британия, Бельгия, Иран, Қытай, Ресей және Орталық Азия елдерінен келген сарапшы мамандар және де Қазақстандағы дипломатиялық өкілдіктер мен халықаралық ұйымдардың өкілдері де қатысып отыр.

Конференция басталған алғашқы күні Орталық Азия аймағындағы қауіп-қатер мәселесі сөз болды. Алғашқы баяндаманы Иран президентінің Каспий мәселесі жөніндегі арнайы елшісі Мехди Сафари «Орталық Азия аймағындағы ынтымақтастық мәселесі» деген тақырыпта жасады. Ол өз баяндамасында «Каспий мәселесі мен Орталық Азия аймағының қауіпсіздік мәселесін бір-бірімен араластырып, шатастыруға болмайды. Бұл екі түрлі, екі бөлек мәселе» деді.

Сондай-ақ ол өз сөзінде бұрынғы Кеңес Одағы Иранға үнемі қауіп-қатер төндіріп келген болса, қазіргі Орта Азиялық мемлекеттер мен Иран жақсы көршілік тату қарым-қатынаста» деді. Батыс сарапшылары көп жағдайда Орталық Азия аймағын тынышсыз, тұрақсыз аймақ ретінде есептейді. Олар Ауғаныстанның Орталық Азия аймағында екендігін ескергендіктен, осындай пікірге барып отыр деді Иран сарапшысы.

Алайда қазақстандық сарапшылар болса, Орталық Азия аймағы,осы аймақтағы елдердің ешкіммен ешқандай проблемасы жоқ дегенді айтып отыр. Қазақстандық сарапшы Жаңа заман саясаты жөніндегі халықаралық институттың бас директоры Ерлан Қаринның айтуынша, Орта Азия аймағының қауіпсіздік мәселесінде бүгінгі күні сыртқы фактордан гөрі, аймақтағы елдердің ішкі жағдайы маңызды болып отыр.

Аймақтағы ішкі жағдай түзелген кезде аймақтың қауіпсіздік мәселесі де шешілмекші. Конференция жұмысы одан әрі жалғасуда.
XS
SM
MD
LG