Accessibility links

Ресей мемлекеттік думасы Михаил Фрадковты Ресей бас министрлігі қызметіне бекітті.


Парламенттің төменгі палатасындағы 352 депутаттан 58і оған қарсы болып, 24і қалыс қалды. Президент Путинның қалауымен бұл жоғары үкіметтік қызметке ұсынылған М.Фрадков бұған дейін ЕуроОдақта өкіл, одан бұрын салық полициясы бастығы болған. Парламент алдында айтқанындай, Фрадков елді экономикалық жоғары деңгейлі дарежеге көтеруге, қарулы күштерді қайта құруға, кедейшілікпен күресуге күш салмақ.

Менің үкіметтегі негізгі уәзипам - елдің тіршілік деңгейін көтеру, кедейшілік деңгейін төмендету, азаматтардың әл-ауқатын жақсарту және елдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету болмақ, - деген Ресейдің жаңа бас министрі.
XS
SM
MD
LG