Accessibility links

Ирақтағы Басқару кеңесі мемлекеттің уақтынша конститутциясына қол қоюы шарасын кейінге қалдырды.


Бірақ соңғы сәтте Бағдаттан алынған хабарға қарағанда, Ирақ Басқару кеңесіндегі бірнеше шиит қауымы мүшесі өтпелі кезеңдегі бұл уақтынша ата заңға қол қоюдан бас тартқан. Сонымен уақтынша конституцияға қол қою рәсімі тағы да кейінге қалдырылған. Егер ол ата заң күшіне енетін болса, онда Ирақтағы құқық заңдары арқылы демократиялық талап негізінде сайланған үкімет ел билігін қолға алмақ. Уақтынша конституцияға қол қою рәсімі, Бағдад пен Кербаладағы, кемінде 181 адамның өмірін қиған бомбы шабуылдарынан кейінге қалдырылған болатын. Бірақ бүгін де Бағдаттағы ұшақжай маңайында бірнеше жарылыс болған. Шығын жөнінде хабар жоқ. Уақтынша ата заң сайланған ассамблеяның тұрақты хартия жобасын жасап шыққанға дейін мемлекеттік басқаруға қажет. Сондай-ақ, бұл құжат негізінде 2005-жылдың қаңтарының 31іне дейінгі тікелей сайлау бағдарламасы жасалады, Ислам заң бұлақтарының бірі деп қабылданып, курдтерге уақтынша аутономия мәртебесі беріледі.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG