Accessibility links

8-ші наурыз –балқар халқы үшін азалы күн


Осыдан тұра 60 жыл бұрын, 1944 жылдың наурыз айының 8-де таңғы сағат 8-де Кавказда тұрып жатқан балқарларға НКВді-нің сарбаздары жиналыңдар, деп бұйрық берді, деп еске алады, сол оқиғаның тірі күәсі Бейханат Забакова. Жарты күннің ішінде балқарлар қолдарына тек жеңіл-желпі киімдерімен бір ішер асын ғана алып, қалған бүкіл дүние мүлкін сол қалпында тастап кетуне мәжбүр болған.

Болған оқиға көз алдымнан кетпейді,- дейді Бейханат апа. Балқарлар өз ата мекенінен шалғайдағы Қазақстанға жер аударылып келгенде Бейханат апаның жасы 23 болыпты. Тұған халқының басындағы сол кездегі қайғылы жәйтті Бейханат апа өлеңге түсіріп, кейіннен бұл өлең әнге айналыпты.

Бұл әнді тыңдағанда Қазақстандағы Қарашай-Балқар ұлттық мәдени орталығы жетекшісінің орынбасары Атта Гулиев көзіне жас алады. Балқарлар жер аударғанда Атта Гулиев 4 жастағы бала екен. Сол бір қиын қыстау кезең жөнінде еміс-еміс біледі.

1944 жылы Қазақстанға жер аударылған халықтың саны 36 мың еді, Оның 20 мыңы Қазақстанға, қалған 16 мыңы Қырғызстанға қоныстанды,- дейді Атта Гулиев.

Қазірге кезде Қазақстанда 5 мыңға жуық балқар тұрады.

1944 жылдың 8-ші наурыз күні балқарлар жер аударса, шешен халқы 23 ақпан күні көшкен екен. Кейбір бақлаушылардың пікірінше, 60 жыл бұрын болған оқиғалардың мерекелік күндермен сәйкес келуі бекер емес, дегенді айтады. Алайда, саясаттанушы Берік Әбдіғалиев бұл пікірмен келіспейді.

Берік Әбдіғалиев, саясаттанушы:

-Мен ойлаймын бұл тек кездейсоқ орын алған жағдай.Себебі саясаткерлер қанша қатыгез болсада, халықты мұндай түрде мазақтамайды, деп ойлаймын. Менің пікірімше, бұл тек Сталин кезінде орын алған оқиға, болашақта бұл қайталанбайды, халықта оған көнбейді. Сол жылдары халық партия мен Сталинға қатты сенетін, қазіргі кезде мұндай сенім жоқ. Егер 60 жыл бұрын болған оқиғаны қайтадан қайталайтын болса, халық қарсы тұра алады.

8-ші наурыз Қазақстанда ресми түрде -әйелдер күні мерекесі болып аталып өтіледі. Ал зорлықпен жер аударылған балқарлар үшін соңғы 60 жылдан бері бұл азалы күн болып саналады.
XS
SM
MD
LG