Accessibility links

М.Ал-БАРАДИ: Иранның ядролық бағдарламасы – күн тәртібінде қалып, атом энергиясы бойынша Халықаралық агенттік – МАГАТЭ-нің қадағалауында болады.


ВЕНА: Иранның ядролық бағдарламасы – күн тәртібінде қалып, атом энергиясы бойынша Халықаралық агенттік – МАГАТЭ-нің қадағалауында болады. МАГАТЭ-нің бас директоры Мухаммад әл-Баради агенттіктің бүгін Венада басталған сессиясында осылай деп мәлімдеді. Кеше Иранның Ұлттық қауіпсіздігі бойынша Жоғарғы кеңесінің басшысы Хассан Раухани Теһранның ядролық бағдарламасын “бейбіт мақсатты көздейді” деп мойындап, МАГАТЭ-ден “Иран мәселесін” біржола жабуды талап етті. Иран, оның мәлімдеуінше, бейбіт мақсатта уранды байытумен шұғылдануға құқылы.
XS
SM
MD
LG