Accessibility links

Ислам дінінде шииттер мен суниттер арасында ылғи да антагонизм болған.


Өткен аптада Ирақтың Кербала , Бағдад қалаларында шииттердің діни мейрамы Ашура өтіп жатқан кезде бомбалық шабуылдар болды. Жүзден аса кісі шығын болды. Бұл қанды оқиғалардың соңы Ирақта шииттер мен суниттер қақтығысына ұласып кете ме деген қауіп туындады.

Ислам діні суниттер мен шииттер аталатын екі үлкен ағымнан тұратыны аян. Суниттер болса күллі ислам әлемінің 90 пайызын құрайды. Шииттер боса 10 пайызын құрайды. Бүгінде Ирақ шииттері халықтың 60 пайызын құрайтыны белгілі. Шииттер де суниттер де Мұхаммед ғалаиссаламды ақырғы пайғамбар ретінде мойындайды. Құрани Каримді Аллатағалланың адамзатқа соңғы аяны деп біледі.

Бөлінгеннің аты бөлінген ғой. Ол сұрағыңа жауапты бір беделді тұлғадан алуға тырысайық. Ол Ларби Садики, Британиядағы Таяу Шығыс саясаты Университетінің лекторы. Бұл екі секта арасындағы бақталастық тамыры тым тереңде дйді ол. Мұхаммед ғалаиссаламнан кейінгі мұсылман қауымының рухани көсемі кім болуы керек деген дау мұсылмандардың шииттер мен суниттер болып екіге бөлінуіне себеп болды дейді Ларби Садики:

"Мұхаммедтің немере ағайыны әрі күйеу баласы Али 656 жылы төртінші халиф болды. Содан ол халифатты билегісі келіп жүргендердің кахарына ұшырады. 661 жылы ол өлтірілді." Одан кейін дұшпандары оның ұлы Хұсейнді 680 жылы Кербалада өлтірді. Осы Хұсейннің өлген күнін шиттер үшін әлікүнге шейін қаралы ас.

Егер Ларби Садикидің пікіріне жүгінсек суниттер мен шииттер дін басы имам рөліне екі жақ екі түрлі қарайды. Суниттер үшін имам мешітте намазда алда тұрушы ғана. Ал шииттерде имам жалғыз. Дәлірек айтқанда бір мезгілде екі имам болмауы керек. Ол құдай мен халық арасында тұрған пайғамбар тәрізді құдірет иесі.

Шиттердің сунниттерден ерекшелігі бұнымен бітпейді. Шииттер 12 имамға табынады. Соның ең соңғысы Мухаммад Ал -Махди –Мұнтазар 873 жылы белгісіз жағдайда ғайып болады. Шиитттер ол аспанға көтеріліп кетті заманақырда жерге қайтып оралады деп біледі.

Жоғарыда біз пікіріне сүйеніп отырған Садики болса осы екі діни ағымның арасында ылғи да кикілжіңдер болған дейді. Алайда, Лондондағы патшалық біріккен қызметтер институтының маманы Мустафа Алани болса бұл екі секта арасында ешқашан діни қақтығыс болған емес дейді

"Таяу Шығыс тарихында шииттер мен сунниттер арасында азамат соғысы болған емес" Әңгімемізді осы жақсы ниетпен аяқтасақ деймін.
XS
SM
MD
LG