Accessibility links

Ауғанстанда тоғыз баланы өлтіріп алған АҚШ сарбаздары айыпты емес деп табылды


Ауғанстанда желтоқсан айында АҚШ сарбаздары тоғыз баланы өлтіріп алған болатын. АҚШ әскерінің өкілі Брайен Хилферти бүгін тергеудің аяқталғанын жариялады, сарбаздар соғыс заңына сәйкес қимылдағаны анықталды деп мәлімдеді. АҚШ әскері Ғази провинциясында көтерілісшілердің қосы деп сезіктелген нысананы шабуылдаған. Шабуылдың салдарынан тоғыз бала және жас азамат қаза тапқан. Брайен Хилферти "үлкен құпия" деп оқиға жайында егжей-тегжейлі мәлімет айтпады. Біріккен Ұлттар Ұйымы болса мәліметті ашуға үндеу айтып келеді.
XS
SM
MD
LG