Accessibility links

Ызраил және Палестина басшылары 16 наурызда кездеседі


Израил бас министрі Ариель Шарон және Палестина бас министрі Ахмед Кюрей келесі аптада сейсенбі күні кездесетін болды. Бұған Египет президенті Хосни Мубарак ара-ағайындық жасады, деп хабарлады бүгін Италия сыртқы істер министрі Франко Фраттини. Израил мен Палестина үкімет басшыларының келіссөздері соңғы кездегі жағдайдың ұшыққанынан бірнеше рет кейінге қалтырылды. Ахмед Кюрей үшін бұл алғашқы келіссөз болмақ.
XS
SM
MD
LG