Accessibility links

Иран Сыртқы істер министрі өз елінің байытылған уранға ие болуға заңдық хұқы бар екендігін еске салды


Мұндай мәлімдеме аталған елдің БҰҰ Атом енергиялық агенттігімен әріптестігіне орай әзірленіп жатқан қарар жобасына байланысты жасалып отыр. Осы орайда агенттік жетекшісі Мұхамед Ел-Барадей: “Қазіргі кезде Иранның ресми өкілдері агенттікпен өте жақсы жағдайда әріптестік құрып отыр. Олардың барлық ядролық бағдарламаларының тек бейбіт мақсатқа бағытталғанын айқындау жолында осындай әріптестіктің одан әрі жалғасатынына сенім білдіреміз-, деген еді агенттік басшысы. Агенттіктің осы тақырыпқа арналған Венадағы басқосуы бүгін одан әрі жалғасуда.

AzattyqTV

Оңтүстік Қазақстан

Тозығы жеткен Сайрам жолы

XS
SM
MD
LG