Accessibility links

2003 – жыл әлем журналистері үшін қантөгісі мол ең ауыр жыл болды


Венадағы Халықаралық баспасөз институтының ресми мәліметтеріне қарағанда, өткен 2003 –жыл әскери журналистер үшін қантөгіске толы ең ауыр жыл болған.

Австрия астанасында орналасқан орталық – Халықаралық баспасөз институты өзін белгілі журналистердің, БАҚұралдарының белсенді өкілдері және редакторлардың басын қосатын ұйым деп есептейді.

Институттың 2003-жылғы Әлемдік Баспасөз бостандығы жөнінде жариялаған сәрсенбі күнгі шолуында жазылғанындай, өткен жылы бірғана Ирақта 19 журналист өлтірілген болса, өзге 45 елдің бәрін қосқанда сол мөлшерге тең, яғни тағы да 19 тілші қаза тапқан. Сонда соңғы бір жыл ішінде бәрі болып, 38 журналист жарық дүниемен қоштасқан. Бірақ Ирақтағы ондай қазаларға жанпидашылық шабуылы, ашық қастандық, кесдейсоқ өлім, байқамай атып салу және алып тынар науқас та себебші болған.

World Press Freedom Review дің редакторы Дейвид Дадждың айтуынша, өткен жылғы баспасөз шолуында терроршылық кеңінен жарытылған болса, соңғы шолуда Ирақтағы соғыс тақырыбы басым болған.

- Меніңше, жалпы алғанда, ақпарат алу мүмкіндігі, демократияны дамыту құқықтары, үкіметтің БАҚ жұмысына араласпауы мәселесімен салысытырғанда, Ирақ соғысы мәселесі әлдеқайда маңызды тақырыпқа айналды. Жоғарыда аталған тақырыптар Ирақтағы соғыс жаңалықтарының көлеңкесінде қалып қойды, - деген редактор Дадж.

Халықаралық институттың пікірінше, егер күресуші сарбаздарға да, жұрналистердің қайдалығы жөнінде, қолбасшылардың қолындағыдай деректер берілген болса, онда кейбір журналистер аман қалуы да мүмкін болар еді.

Меніңше бүкіл әлемде, әсіресе, қазіргі кезде Ирақтағы журналистердің жағдайына қатысты мәселелердің бәрін біліп, олардан хабардар болып тұру негізгі міндет болуы тиіс. Әскерилерден, менің білуімше, Бағдаттағы Палестин мейманханасындағы шабуыл кезінде біраз кісі опат болды. Бірақ одақтас күштер ол деректі сол арадағы сарбаздардың өзіне де жарияламаған. Сондықтан, Ирақтағы жағдай басқа соғыстарда қайталанбауы үшін, журналистер жөнінде әскерилер таратқан мәліметтер міндетті түрде қайта зерттелуі тиіс болар, - дейді Дейвид Дадж.

Бұл мәселеде, институт, әсіресе Қытай, Солтүстік Корея, Ресей, Беларусия және Украинаны баспасөз бостандығының нашар халіне байланысты сынайды.

Қытайда 2003-жылы интернет арқылы ақпараттардың кеңінен таратылуына күш салған бір неше журналист өлтірілген. Жариялылық болмағандықтан өткен жылы Қытайда болған САРС дерті кезінде қосымша қиындық туған. Ал Солтүстік Кореяда баспасөз еркіндігі атымен жоқ десе болғандай.

Сондай-ақ, Халықаралық баспасөз институтының мәліметіне қарағанда, Ресей журналистік қызмет үшін ең қауіпті аймақтың біріне айналған. Баспасөзге қысым бойынша, Беларус пен Украина Ресейден кейінгі орындарда келеді екен.

Халықаралық баспаспасөз институтының анықтаған бір нәрсесі - Бирма, Қытай немесе Вьетнам сықылды елдерде интернет бұлақтарынан пайдаланушыларды демократия жөніндегі ақпараттан жұрдай ету әрекеті орын алған. Ондай үдеріс кезінде ұсталғандар ауыр жаза алып отырған. Меніңше, алдағы екі-үш жылда да бұл жағдай негізгі мәселелердің бір болып қала бермек, - дейді редактор.

Халықаралық институт жариялаған баспасөз еркіндігі жөніндегі шолуда, баспасөз және ақпарат таратудағы БАҚұралдарының аймақтар және , мемлекеттер бойынша зерттелген ақуалы өз ретімен келтірілген. Ол мәліметттер интернет сайтында түгелдей дерлік берілген.
XS
SM
MD
LG