Accessibility links

Pеспубликаға шет елдерден қоныс аударушылар есебінен, елдің демографиялық өсімін көбейту мүмкін емес пе?


Қазақстан үкіметі 2010-2015 жылдары халық санын 22-25 миллионға қоныс аударушы оралмандар есебінен де көбейтеміз деген болатын. Алайда «Қазақстан азаматтары денсаулығының репродукциясы қауымдастығы»: республикаға шет елдерден қоныс аударушылар есебінен елдің демографиялық өсімін көбейту мүмкін емес деп отыр.

Аталған қауымдастықтың мәліметі бойынша оралмандардың 70 проценті қан аздығы дертіне шалдыққан. Яғни осындай денсаулық жағынан және құқықтық шектеулерден олар демографиялық өсімге Үкімет күткендегедей үлес қоса алмайды дейді осы қауымдастық өкілдері.

Ресми деректер бойынша Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері республикаға 260 мың оралман мен 20 мың босқын қоныс аударған екен. Алайда олардың әлеуметтік жағдайының нашарлығынан қоныс аударушы әйелдер үшін дүниеге нәресте әкелу үлкен мәселеге айналып отыр.

Алайда бұл мәліметтермен келіспейтін оралмандардың «Асар» атты қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қайрат Бодауханұлы ресми емес деректердегі 500 мың оралман Қазақстанның өсіміне үлесінқосып отыр дейді.
XS
SM
MD
LG