Accessibility links

Бағдадтағы жол жағасына қойылған бомбы жарылысынан, көліктеріне тиген соққыдан американдық екі сарбаз қаза тапты.


Сондай-ақ, АҚШ орталық қолбасшылығынан хабарланғанындай, Бағдаттың батысындағы Хаббания ауданында әскери керуенге жасалған шабуылдан тағы бір ақштық сарбаз жарақат алған. Ал одан сәл алдын АҚШтың Ирақтағы әкімі Бремер маусымның 30ында ел басқару билігі АҚШтан Ираққа түгел өткен кезде қастандық шабуылдары барынша көбейеді деп ескерткен болатын.

Пол Бремердің айтуынша, қауіпсіздік шаралары әсіресе алдағы айда болатын діни жиындар кезінде өзгеше қатаң болуы керек.

Мухаммад Пайғамбардың немере баласының қаза етілген күніне орай сәуірдің онында Арбайн жиыны өтеді. Осыдан екі апта алдын өткен шииттердің меркесі кезінде Бағдат пен Кербалада болған бомбы шабуылдары кесірінен 180 нен астам қаза тапқан болатын.
XS
SM
MD
LG