Accessibility links

Мадридтегі бомбы шабуылынан кемінде 200 aдам қаза тапты.


Испания сыртқы істер министрінің мәлімдеуінше, Испаниә астанасында кеше бейсенбіде болған бомбы шабуылдарына кінәлілер жөнінде кейбір деректер анықтала бастаған. 3 пойызда 4 рет жарылыс ұйымдастырғандар Басктардың ЭТА партизандық тобынан болуы мүмкін деген болжам айтылуда.

Бейсенбі күнгі ол апаттан кемінде 200дей адам қаза тауып, 1400ден астам кісі жарақат алған.

Ана Палачионың айтуынша, арасында исламшыл әсірешілдер де бар өзге топтар да бұл террорлық әрекетке араласқан болуы мүмкін. Ал Қайда ұйымымен байланысы болуы мүмкін Абу Хафс ал-Масри бригадасы Лондондағы араб тілді Ал Қудс гәзетіне хат жолдап, ол шабуылды біз жасадық деп отырған көрінеді. Испания полициясы тапқан ұрланған көлікте Құран айаттары жазылған таспа шыққан.

Испания бас министрі Хосе Мария Азнар теледидардан шығып, бұл қырғынға кінәлілар табылып тиісті жазасын алуы керек деді.

- Біз өз егемендігіне ие ұлы халықпыз. Біз мұндағы шағын ұлт арасынан шыққан фанатиктердің біздің шешімдерге, болашағымызға араласуына ешқашан жол бермейміз. Қандай шешім қабылдауды испан халқының өзі біледі, - деген Испания бас министрі.

Жексенбіге жоспарланған сайлаулар өз уақтында өтпек.

Испания бас министрі Хосе Марии Азнар кешегі 3 пойыздағы бомбы шабуылдарынан кейін бүгін бүкіл халықтық наразылық шерулеріне шақырды. Бұл жиынға миллиондаған адам шығуы мүмкін. Түс кезінде Испаниялықтар қаза тапқандардың рухына арнап 5 минот үнсіздік жариялады. Бас министрдің айтуынша, қаза тапқан 200дей адамның арасында 11 мемлекеттің азаматтары болған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG