Accessibility links

Қазақстан мен Украина арасында “Одесса-Броды” мұнай құбырын бірігіп пайдалану туралы келісім жобасы жасалды.


Украинанның Қазақстандағы елшісі бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесуінде мұнай саласындағы екі жақты қарым-қатынастың ілгерілей түскенін мәлімдеді. “Бірінші кезде, “Одесса-Броды” мұнайқұбыры қазақстаннан 9 млн тонна мұнай қабылдауға дайын”,-деді Украинаның Қазақстандағы елшісі Василь Цибенко.

Кейіннен Каспий мұнайының көлемі ұлғайған соң, құбыр арқылы тасымалданатын Қазақстан мұнайының үлесі 40 млн. тоннға дейін ұлғайту жоспарланған. Әзірге, Қазақстан мұнайы Ресей құбырлары арқылы танкерлермен және темір жол көлігімен тасымалданып жатыр. Елшінің мәліметінше, Түркияның Босфор бұғазында танкерлер теңіз дауылдарының кесірінен бірнеше күн тоқтап тұратын жағдайлары болады. Түркия басшылығы бұл орайда, экологияға қатысты талаптарын күшейткен көрінеді. “Болашақта, сұраныс болған жағдайда, ұзындығы 700 шақырымық “Одесса-Броды” мұнайқұбырына қосымша 300 шақырымдай құбыр салынып, Ресейдің Новосибирск бағытына қосылуы мүмкін”,-деді Украинаның Қазақстандағы елшісі Василь Цибенко. Бүгінде, Украинамен Қазақстан арасында 70 келісім бар. Екі ел арасындағы тауар айналымы біртіндеп өсіп келеді. Өткен жылғы ресми көрсеткіштер бойынша, екі ел арасындағы тауар айналымы 700 млн. доллардан асқан. Болашақта, оны 1 млрд. долларға жеткіземіз,-дейді Украина өкілдері. Әзірге тауарайналымға елеулі әсер етіп отырған 3 сала бар: көлік, энергетика және азық-түлік. Мысалы, былтыр елдегі егін өнімділігі төмен болған кезде, Украина көршілес мемлекеттерден 3 млн. тонна астық сатып алған болатын. Оның жартысына жуығы қазақстаннан алынған. Есесіне, Украиндықтар Қазақстанға күнбағыс майын сатуды жоспарлап отыр. Бұл елде осы дақылдардың өнімі жоғары болған екен. Жалпы, Қазақстан мен Украина халықтарының қарым қатынасы өте тығыз дамып келеді,-дейді Украина ұлттық орталығының өкілі Тарас Чернега, тіпті қазақ тілін жетік меңгерген украиндықтар көбейіп келеді деп, қазақстандықтарды наурыз мерекесімен құттықтады. Құрметті достар, сіздерге украина ұлттық орталығы атынан сәлем жолдауға рұқсат етіңіздер және наурыз мерекесімен құттықтаймыз бақыт, денсаулық тілейміз. Ресми құжаттарда жазылғандай, тың игеру кезінде, Қазақстанға 300 мыңға жуық украиндықтар келген. Қазақстанда сол уақыттан бері қазақтармен украиндардың аралас некелері көбейген,-дейді Украина орталығының өкілі Тарас Чернега. Бүгінде, Қазақстанда жарты млн.-ға жуық украиндықтар тұрады,-деген мәлімет бар. Республикада 20-шақты украин ұлттық орталықтары тіркелген. Олардың қарамағында, мектептер, бұқаралық ақпарат құралы және ансамбльдер жұмыс істейді. Астандағы «Червона Колына» тобы да екі жақтың мәдени қатынастарының дамуына өз үлестерін әнмен қосып жүр. Ал оратлық қарамағындағы мектептерді бітірген түлектерге Украинадағы жоғарғы оқу орындарына жолдама беріледі.
XS
SM
MD
LG