Accessibility links

«Ақ жол» партисының құрылғанына екі жыл


«Ақ жол» партиясының құрылғанына 16-ші наурыз күні 2 жыл толды. Осыған байланысты өткізілген баспасөз мәслихатына партияның тең төрағалары: Алтынбек Сәрсенбаев, Әлейхан Бәйменов, Болат Әбілов және партияның тең төрайымы Людмила Жуланова қатысыты. Астанадан бұл басқосуға Қазақстан Республикасы табиғы монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттіктің төрағасы Ораз Жандосов қосылды.

Кездесу барысында партия жетекшелірі партияның екі жылда атқарған жұмысына баға беріліп, Қазақстандағы саяси жағдайларға тоқталып кетті. Дәлірек айтқанда, ресми Астанада болған соңғы өзгерістерге қатасты пікірлерін ортаға салды. Болат Әбілов, «Ақ жол» партиясының тең төрағаларының бірі: -Жоғарыда болған өзгерістерді мен тек ішкі ауыс- түйіс, деп бағалаймын, сол себептен жаңа тағайындалған азаматтар мемлекет пен мемлекет азаматтарына жақсы бір өзгеріс әкеледі,деп үміттенбеймін.

Сонымен қатар, ресми Астананы сынаған Ақ жол жетекшілері, біздің іс әрекетімізде радикалды сипат жоқ, дегенді айтты. Сонымен қатар, Ақ жол партиясының жетекшілері Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттіктің бұрынғы төрағасы Заманбек Нұрқаділовтың Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қызметінен кетсін, деген хатына байланысты,пікірлерін білдірді. Ақ жол партиясының тең төрағаларының бірі Әлейхан Бәйменов бұл жөнінде былай деді. Әлейхан Бәйменов, «Ақ жол» партиясының тең төрағаларының бірі: -Біз ең алдымен елді ойлауымыз керек.Бір адамның қолында шоғырланған билікті тепе-теңдік жүйеге келтірмей, кез келген біреуге беру ол елдің ішіндегі бірлік пен тыныштық үшін қатер. Сол себептен біздің ойымызша, саяси реформаларды жүргізіп, президенттің қазіргі күнгі лауазымындағы шоғарланған биліктің біраз бөлігін парламент пен үкіметке және жергілікті органдарға беру керек, сонда жүйе қандай адам өзгерсе де, қоғамдағы күштердің тепе-теңдікке ұмтылуы арқылы мемлекеттің тәуелсіздігіне қатер төнбейді.

«Ақ жол» партиясының тең төрағалары парламент мақұлданған «Сайлау туралы» заң жоба халықаралық талаптарға сай келмейтінін атып кетті. Әлейхан Бәйменовтың ойынша, заң жобаға өзгертулер енгізгенімен, құжаттың негізі өзгермеді,- дегенді айтты.
XS
SM
MD
LG