Accessibility links

Гүржістан мен Аджария республикасы арасындағы жағдай аса күрделі деңгейде қалып отыр.

  • Әбдіғани ЖИЕНБАЙ

Наурыздың 15і күні Тбилисиде өткен баспасөз мәслихаты кезінде Гүржістан президенті Михаил Саакашвили журналистерге: - 28-наурызда Аджарияда парламенттік сайлау өтеді. Еуропа кеңесі, ЕҚжЫнтымақтастығы ұйымы және өзге де батыстық бақылаушылардың көмегімен өтетін ол сайлау кезінде азаматтардың құқығы бұзылмас деп сенемін. Соның үшін күресудеміз. Бірақ аджарлар ондай сайлауды қаламай отыр. Бұл сәтте біз жергілікті үкіметтің бүкіл бақылауды өз қолдарына алуын шектеу мақсатында кейбір шаралар қолданып отырмыз,- деді.

Саакашвили : - Біз Аджарияға бара жатқан әрбір көлікті тексерудеміз. Біз бұл шараны Аджариядағы парламенттік сайлаудың еркін, әділ өтуі үшін, азаматтардың саяси көзғарасына байланысты қудаланбауы үшін жалғастыра береміз, - деген.

Бір сөзбен айтқанда, Гүржістан Аджария аутономиялы республикасына қарсы экономикалық блокада жариялап отыр.

Гүржістан қойған талап бойынша, кеше дүйсенбіге дейін Аджария басшылығы Гүржістанның орталық үкіметін мойындауы қажет болатын. Бірақ олай болмай шықты. Тіптен президент Саакашвилидің өзін Аджария жеріне кіргізбей кері қайтарып жіберді. Міне енді, президент Саакашвили өзінің соңғы шешімімен, Батумидегі теңіз айлағы, әуежай және Сарпидегі кедендік-шегаралық бекеттерді де бақылауға алынсын деп бұйрық берді. Сарпи - Гүржістан мен Түркия шегарасында орналасқан.

Гүржістан Аслан Абашидзе құрған және заңсыз деп жарияланған 1500дей әскери жасақты қарусыздандырып тарату керек деп отыр. Сондай-ақ, Аджария үкіметінің Гүржістан орталық банктеріндегі есептері жабылды, ол банктердің Аджариядағы лицензиялары бекер етілді.

Мақсат, президент Саакашвилидің өз сөзімен айтсақ, Аджарияға қаржы келетін барлық бұлақтарды жабу екен. Аджария Гүржістан Ата заңына мойынсынбаса біз қарсы шара қолдана береміз, - дейді Саакашвили. Жалпы, Гүржістан Аджариямен түбегейлі келіссөздерге отырсақ дейді. Орталық пен Аймақ арасындағы өзара байланысты бейбіт жолмен шешу керек дейді. Ал Аджария жетекшісі Абашидзе болса елге ултиматум қойып сөйлесуге болмайды. Оның үстіне президент тағайындамайтын, және орнынан алалмайтын жетекшімен тіптен олай сөйлесуге болмайды деп отыр. Дегенмен, Аслан Абашидзе, Гүржістанмен Конституция негізінде кез-келген мәселені талқылауға дайынмын дегенді айтады.

Аджарияның ішкі істер министрі Гогитидзенің ИТАР- ТААС қа айтуынша, Аджария қарулы күштері қорғанысқа сақадай сай тұр екен. Сондай-ақ, екі күннен бері төтенше жағдай және коменданттық сағат жарияланған. Ресей Думасының халықаралық мәселелер бойынша комитетінің төрағасы Косачев журналистерге, экономикалық, әкімшілік және әскери күшпен қысым жасауға қарсымыз, десе, АҚШ мемлекеттік хатшысы Колин Пауел Гүржістан президенті Саакашвилиге және Ресей ұлттық қауыпсіздік мәселесі бойынша президент Путинның кеңесшісі Игор Ивановқа телефон шалып, жағдайды одан әрмен ұшықтырмауға шақырған.
XS
SM
MD
LG