Accessibility links

Қазақстандағы сайлау туралы заңға байланысты кейбір саясаткерлер мен сарапшылар өз пікірлерін білдірді

  • Досан БАЙМОЛДА

Наурыздың 15 і күні Қазақстан Парламентінің қос палатасы Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы заңға ұсынылған өзгерістер мен толықтырулар жөніндегі заң жобасын ұзақ талқылап ақыры үшінші оқылымда қабылдады.

Жаңадан қабылданған сайлау туралы заңға қатысты сарапшы, Қазақстанның тәуелсіз бақылаушылар жүйесінің президенті Дос Көшімнің пікірінше сайлау туралы жаңа заң жобасы үш жарым жыл бойы дайындалып, үш жарым жыл бойы талқыланып ақыры үкімет ұсынған нұсқа тоқсан тоғыз процентпен өтті. Бірақта жалғыз ғана қуанарлық жайт ол сайлау заңында тәуелсіз бақылаушыларға берілетін құқықтың сәл де болсын ескерілгендігі дейді Дос Көшім. Ал сайлауға дауысты электрондық жолмен беруге қазақстан қоғамы қазір дайын емес, ол келешектің ісі, бұл алдымен тәжірибе жүзінде жүрілуі керек дейді ол. Алайда Республикалық «Отан» партиясының идеология жөніндегі бөлімі бастығының орынбасары Исатай Камбаровтың айтуынша Отан партиясы көтерген сайлау комиссиясын мәслихат бекітсін деген талап заңға кірді, бұл туралы көптеген пікір таластар өткен. Ал «Ақжол» демократиялық партиясының тең төрағасы Әлихан Бәйменовтың пікірінше бұл қабылданған жаңа заңның кейбір жақсы жақтары бар, алайда сайлауды электрондық жолмен басқару бұл өте қымбатқа түсетін іс шара әрі ол жүйемен жүрілген сайлаудың әділ өткендігін тексеру қиынға түседі. Сондай ақ комиссия мүшелерінің санын 7 адаммен шектеу дұрыс емес өйткені қазір 9 партия бар сонда бір екі партия бәрібір бұл комиссияға кіре алмайды, бұл дұрыс емес дейді ол.
XS
SM
MD
LG