Accessibility links

Еурокомиссияның сыртқы байланыс жөніндегі комиссары Кристофер Паттен мырза Ғалымжан Жақиянов пен Сергей Дуванов төңірегіндегі мәселелердің оң шешімін табатындығына сенімді екендігін білдірді.


Наурыздың 15 күні Еурокомиссияның сыртқы істер жөніндегі комиссары Критофер Паттен мелекеттік емес ұйымдардың өкілдерімен кездескеннен кейін, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің алдында мәлімдеме жасады. Критофер Паттен мырза өз сөзінде жаһандану дәуірі кезінде есірткі тасымалына, сондай-ақ терроризмгe қарсы күресті күшейту қажеттілігіне де тоқталып өтті. Оның айтуынша жаһандану дәуіріне кіру үшін мұндай келеңсіз құбылыстардан құтылған абзал.

Кристоферр Паттен қоғамдағы демократиялық процестерді ілгері жылжыту мәселесінің де бүгінгі таңдағы ең өзекті проблемалардың бірі екендігіне тоқталып өтті. Мәлімдемесін аяқтағаннан кейін Қазақстандағы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, Кристофер Паттен мырзаға көптеген сауалдар қойды. Журналист Гүлжан Ерғалиева бүгінгі таңда Қазақстанның демократиялық таңдауы халықтық партиясы басшыларының бірі Ғалымжан Жақияновтың түрмеде отырғандығын және тәуелсіз журналист Сергей Дувановтың әлі күнге шейін толық бостандыққа шықпағандығын айта келіп,осы оқиғалар төңірегінде не ойлайтындығын сұрады. Кристофер Паттен бұл сауалға Еуропа одағының айтылған мәселелермен өте жақсы таныс екендігін және Ғалымжан Жақиянов пен Сергей Дувановтың төңірегіндегі оқиғалардың Қазақстанның халықаралық аренадағы беделіне нұқсан келтіруі мүмкін екендігін атап өтті. Сондай-ақ Кристофер Паттен наурыздың 16 күні Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесетіндігіне тоқталды. Алайда, журналист Ермұрат Бапи Еурокомиссияның сыртқы байланыс жөніндегі комиссары Кристофер Паттен мырза, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездескеннен кейін жағдайдың өзгере қоятындығына аса сенімді емес . Оның айтуына қарағанда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен осы кезге шейін де халықаралық ұйымдардың талай өкілдері кездескенімен, онымен Қазақстандағы ахуал өзгере қоймаған.
XS
SM
MD
LG