Accessibility links

Сайлау туралы Конституциялық Заң жобасы үшінші оқылымда мақұлданды


Парламент «Сайлау туралы Конституциялық Заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөніндегі» Заң жобасын үшінші оқылымда мақұлдады. Заң жобасының ендігі тағдыры Қазақстан Президентінің қолында.

Бірлескен комиссияның төрағасы Жазбек Әбдиев Парламент мақұлдаған заң жобасының халықаралық ұйымдар тарапынан сынға ұшырамайтындығына сенімді.

Ал Мәжіліс депутаты Серікболсын Әбділдин болса, қабылданған Сайлау туралы заң жобасы арқылы өзге мемлекеттер алдында Қазақстанның беделі төмендейтін болады дейді.

Енді Парламенттің бірлескен отырысында Сайлау туралы Констиуциялық Заң жобасын талқылау барысында депутаттар арасында талас тудырған негізгі мәселелерге тоқталып өтсек.

Алдымен электронды дауыс беру жүйесі. Үшінші оқылымда аталмыш бапқа қатысты депутаттардан үш нұсқа түсті. Біріншісі Үкіметтің ұсынған бабына сәйкес келетін, электронды дауыс беру жүйесінің орталығы Орталық Сайлау Комиссиясында орналасады деген ұсыныс. Оны Х. Әмірғожин, М.Трошихин, Т. Мужчиль секілді депутаттар қолдады. Екіншісі електронды дауыс беру жүйесінің орталығы аймақтық сайлау округінде болсын деген ұсыныс. Бұл ұсыныспен Болат Әбішов, Серікболсын Әбділдин сынды депутаттар шыққан болатын. Соңғысы электронды дауыс беру жүйесін қағазға көшіру арқылы жүзеге асыру, яғни Ресейлік әдісті қолдану. Бұл нұсқа Мәжіліс депутттары Р.Шаекин, С. Әлібаев сынды депутаттардан түсті. Дауыс беру нәтижесінде Үкіметтің нұсқасына ұқсас электронды дауыс беру жүйесінің орталығы Орталық сайлау комиссиясының бақылауында болады деген бап қабылданды. Екінші, депутаттар арасында дау туғызған позиция. Сайлау жәшіктерінің ашықтығы. Екінші оқылым кезінде Үкімет сайлау жәшіктері ашық болу үшін 400 млн. теңге бөлетін болып келіскен. Алайда Үшінші оқылым кезінде Парламенттегі «Асар» фракциясының депутаттары сайлау жәшіктерінің айқын болуының қажеті жоқ. Онда жасырын дауыс берген сайлаушылардың құқығын бұзамыз деп қарсы пікірлерін айтты. Бірақ нәтижесінде сайлау жәшіктері айқын, мөлдір болатын болды. Бірлескен отырыста оң шешімін таппаған мәселе, Жекен Қалиұлы, Амангелді Айталы, Шерхан Мұртаза секілді депутаттар ұсынған депутаттыққа үміткер қазақ ұлтының азаматы қазақ тілін білуі шарт. Және олар мемлекеттік тілде тестілеуден өтуі қажет деген баптары.,

Үміткерлер қазақ тілін білуі қажет деген депутаттарға Рамазан Сарпеков секілді Мәжіліс депутаты қарсы уәжін айтты.

Дауыс беру нәтижесінде депутаттыққа үміткер қазақ ұлтының азаматы қазақша білу қажет деген бап өткен жоқ.
XS
SM
MD
LG