Accessibility links

Соңғы жүргізілген зерттеулер Америка саясатына байланысты пікірлердің тым нашар екендігін көрсетіп отыр.


Американың сыртқы саясатына көзқарасты білу үшін әлемдік дәрежедегі пікірлерді зерттеу жүргізілген болатын. Оның нәтижесінің көрсеткеніндей, Америка саясатына орай көзқарастар қазір тым нашар болуда. Азаттық радиосының Вашингтондағы тілшісі Жефри Донован мақаласы негізіндегі хабарда осы ойлар қамтылған.

АҚШ-тың бұрынғы Мемлекеттік хатшысы Мадлен Олбрайттың Вашингтондағы баспасөз мәслихатында айтуынша, тәуелсіз Зеттеу орталығының Батыс Европа мен Таяу Шығыстағы сегіз мемлекетте жүргізген зерттеулер қорытындысы жарыққа шығып отыр. Ол қорытындыларға қарағанда өткен бір жыл ішінде Америка мен оның жүргізіп отырған саясатына орай реніш сезімдері одан әрі арта түскен. Бұл жөнінде: “Зерттеулердің көрсеткеніндей, Құрама Штаттарының мүмкіндіктері бұрынғыдан төмендей түскен. Сұралғандардың біразы біздің басшыларымыз өтірік айтады деп сенеді. Менің ойымша бұл мәселе-аса күрделі шаруа”-, деді Олбрайт ханым. Йордания, Морокко, Пәкістан және Түркия тұрғындарының басым бөлігі, яғни Уашингтонмен тығыз байланыста деп есептелетін Мұсылман елдері халықының басым бөлігі: «Америка бұл соғысты Таяу Шығыстағы мұнай мен тұтас әлемге бақылау орнату үшін жүргізіп отыр»-, деп есептейді екен. Франция мен Германия тұрғындарының да басым бөлігі- осындай көзқараста. Тек америкалықтар, ресейліктер және британдықтардың көпшілігі террорлық әрекеттерге қарсы күрес дұрыс бағытта деп ойлайды екен. Жоғарыда аталған Зерттеу орталығының директоры Андрю Кохуттың пікірінше, зерттеулер нәтижесі Америка билігі мен саясатына деген сенімсіздік тамырының тереңдеп кеткенін көрсетуде. “Біз осы зерттеулерді жүргізгенде, бұдан бұрынғы, яғни 2003-ші жылдың мамыр айында жүргізілген зерттеулер нәтижесінен де гөрі жақсы көзқарас жинақтайтын болармыз деп күтіп едік. Керісінше, Европадағы Америкаға деген сенімсіздік бұрынғысынан да жоғары дәрежеде. Және Мұсылман әлеміндегі ашу-ыза бұрынғысынан гөрі азайа түсті дегенмен, ол әлі сақталуда”-, деді Кохут мырза. Европаның бес мемлекетінде жүргізілген зерттеулерге қарағанда қарапайым халық мүмкіндігінше қауіпсіздік мәселесінде Европа әлемі АҚШ-тан тәуелсіз және сол елдей тегеурінді болса, деп есептейді екен. “Осама Бин Ладен қахарман ба?”- деген сауалға жауаптар жөнінде Кохут мырзаны тыңдап көрсек: “Пәкістан, Марокко елдеріндегі азаматтардың басым пайызы Осама Бин Ладенді құрметпен атауда. Бірақ түріктер емес. Дей тұрғанмен, Түркияда біздің анықтауымызша, сұралғандардың 31 пайызы америкалықтар мен Ирақтағы басқа да батыстық күштерге қарсы жасалып жатқан жанкештілік әрекеттерді ақтауға болады, деген пікірде екен”-, деді Кохут мырза. Сарапшылардың айтуынша, өткен аптада Мадридте болған бомбалық жарылыс көзқарастардың бұрынғыдан да айқындала түсуіне әкеліп отыр. Одан кейін болған сайлаулар барысында Вашингтонды қолдап келген өкіметті сайлаушылар биліктен кетірді-, дейді олар.
XS
SM
MD
LG