Accessibility links

БАҚ туралы заң жобасын Парламент мәжілісі мақұлдады


Наурыздың 17-сі күні Қазақстан Парламент Мәжілісінің жалпы отырысы қазақстан қоғамында үлкен дау дамай, түрлі пікір тудырып келген «БАҚ туралы» заң жобасын мақұлдаған. Бұл заң жобасы Сенатқа жіберілді.

Осыған байланысты бірқатар қазақстандық бұқаралық құралының өкілдері мен кейбір сарапшылар өз пікірлерін білдірген еді. Тәуелсіз журналист Сейдахмет Құттықадамның пікірінше бұл қазақстандағы заңдардың ішіндегі ең нашар заң болғалы отыр. Билік осы заң арқылы алдағы парламент сайлаулары мен президент сайлауы алдында тәуелсіз ұйымдар мен оппозициялық партиялардың жолын жауып, оларды еркін сайлауға жібермеуді ойластырмақшы- дейді Сейдахмет Құттықадам. Ал тәуелсіз «Сөз» газетінің бас редакторы Шәріп Құрақбай өз пікірінде, билік сайлау туралы заң мен осы БАҚ туралы заң арқылы барлық бақылауды қолға алмақшы дегенді айтты. Ал билікке жақын «Отан» партиясының «Дала мен Қала» газетінің бас редакторының орынбасары Қожанияз Қонақбаев болса бұл заң жобасына Отан партиясы өзінің ұсыныстарын ұсынды бұлар заң жобасына енді деген пікірін білдірді. Ал Қазақстанның журналистер одағының төрағасы, президент жанындағы БАҚ туралы қоғамдық кеңестің бастығы Сейітқазы Матаев болса заң жобасы Сенаттан өтер жалғыз сеніп отырғанымыз ол президент. Біз президенттен бұл заңға вето қоюды сұраймыз -деді ол.
XS
SM
MD
LG