Accessibility links

Биылғы жылдан бастап оралман отбасының әр мүшесіне баспана орнына көмек қаржы беріледі

  • Жұмагүл ТЕМİРҒАЛИ

«Оралмандар Астанаға қоныстануға аса қызығушылық танытуда» »,- дейді Астана қаласы бойынша Көші-қон және демография жөніндегі басқарманың бөлім бастығы Бейімбет Үсіпбек. Бірақ, өткен жылы мұнда 94 отбасы квотамен келсе, биыл 60 отбасына ғана квота беріледі.

Оралмандарға көрсетілетін көмектер халықтың көші-қон туралы заңында қаралған. Үсіпбек мырзаның айтуынша, басты қиындық баспанамен қамтамасыз ету. Оның үстіне Астанада пәтер бағасы жылдан-жылға шарықтап өсуде. Сондықтан оралмандарды ауылды жерлерге көбірек қоныстандыруды көзделген. Бұл ауыл жылына байланысты деп ойлаймын, -дейді Бейімбет Үсіпбек. «Әр оралман отбасының мүшесіне 919 теңгеден ғана 100 айлық орташа есептік көрсеткішпен беріледі. Ол 600-650 доллардың көлемінде болады. Оралман өзі мынадай жерден үй таптым, осыншама мың тұрады, сіздер үш мыңын берсеңіздер, қалғанын өзім төлеймін деген келісімін жазып беруі керек .» «Кейбір оралмандар бұл жағдаймен келіспейтіндіктерін білдірді. Сондай-ақ келісемін деп қолхат бергендер де болды. Дегенмен, мұның өзі тарихи отанына келушілердің қатарын азайтатын шығар», -дейді Үсіпбек мырза. Оның айтуына қарағанда квотадан тыс келіп, пәтер жалдып тұрып, Астана құрылысында жұмыс істеп жүрген оралмандар аз емес. Манғолиядан келген, зейнеткер Комалдир Уранбайұлы азаматтық алғанын, бірақ баспана проблемасының шешілмегеніне қиналатынын, Астанада Манғолиядан келген жақынының үйінде тұрып жатқанын айтты. «1992 жылдна бері не балаларыма не өзіме баспана алғаным жоқ.Екі балам жұмыс істейді. Екеуі екі жерде жүр. Ал, өзім біресе ауылға барамын, біресе осында келемін. » Комалдир Уранбайұлы, бір балам осыдан екі жыл бұрын бір көзінен айырылған, жұмыссыз, оның отбасына да өзімнің зейнетақыммен қарасып отырмын дейді. Ақсақалдың айтуына қарағанда, баласына мүгедектік тағайындайлмай келе жатқан көрінеді. «Қырғызстанда 31 жыл тұрып, тарихи отанына оралған Жүніс Орысбай, баспанаға берілетін қаражаттың жетпейтінін, сондықтан да арзан баспана алуға тырысамыз. Қырғызстанда тұрмысымыз жаман болған жоқ. бірақ, атажұртқа не жетсін»,-- дейді. Манғолиядан келгеніне 3 ай болған 30 жастағы Бердімұрат Сағдаш азаматтық алу үшін алдымен есепке қойылуы керектігін, ал оған пәтер иелері ұрықсат етпейтінін, ықтияр қағазының мерзімі бітіп, қиналып жүргенін айтты. «Отбасымен кісі үйін паналап жүрміз. Екі балам бар. Мамандығым есепші, әке-шешем Манғолияда қалды. Қазақстанға келешегіміз үшін келгенбіз, әйтпесе ол жақта да күнімізді көріп жүргенбіз»,- дейді Бердімұрат Сағдаш. Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты Әбіш Кекілбаев, оралмандармен жүргізіліп отырған саясатты бірінші кезекке қойылуы керек деп есептейді. «Әрбір жылдарда қаралған азын-аулақ теңгемен үлкен шаруа шектелмейді деп есептеймін. Әзірге оралман мәселесіне үлкен маңыз беріліп жатқан жоқ деп есептеймін.» Қазақстан Үкіметі жанынан құрылған комиссия болса, тарихи отанына оралған және оралатын азаматтардың проблемасын тоқсан сайын қарауды қолға алып отыр. Сонымен биылғы жылдан бастап квотамен келген оралмандарға пәтер орнына отбасының әрбір мүшесіне 600 доллар шамасында көмек беріледі. Мысалы, төрт жаны бар отбасына 3000 доллар тиесілі. Ал, Астанада бір бөлмелі пәтердің бағасы шамамен 25 мың доллар.
XS
SM
MD
LG