Accessibility links

Қазақстандағы кейбір кәсіпкерлер үкіметке наразы болып отыр

  • Гүлмира ХАМЗА

Қара және түсті металлдар нарығында жұмыс істейтін кәсіпкерлер Қазақстан үкіметін қара және түсті металлдардың екінші деңгейіндегі нарығына монополия орнатқысы келетіндікте айыптап отыр.

Оның себебін кәсіпкерлер былай деп түсіндіреді. 2000 жылы Қазақстан үкіметі қара және түсті металлдардың екінші деңгейдегі нарығын дамытуға арналған бағдарлама негізінде қаулы қабылдаған. 2003 жылдың аяғында Индустрия және сауда министрлігі бұл қаулыға жаңа өзгеріс енгізненнен кейін, ол 2004 жылдың бірінші қаңтарынан бастап іс жүзіне аса бастады. Осы қаулы бойынша, қара және түсті металлдардың екінші деңгейдегі нарығында жұмыс істейтін кәсіпорынның кемінде 520 мың АҚШ доллары көлеміндегі қысқа мерзімді активі болуы керек. Екінші деңгейдегі металлургия саласы қауымдастығының президенті Владимир Ликтың айтуынша, 520 мың доллары болмаған кәсіпорынның жұмысы тоқтатылады.

- Бұл -қара және түсті металладардың екінші деңгейдегі нарығына монополия орнату деген сөз,- дейді бизнесмен Владимир Лик.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі мемлекетте қара және түсті металлдардың екінші деңгейдегі нарығында 500 кәсіпорынға жұмыс істеуге рұхсат құжатын беріп қойған. Шын мәнінде, оның 300 дейі ғана жұмыс атқарып тұр,- дейді кәсіпкерлер. Қазақстан үкіметінің қаулысына наразылық білдіріп отырған бизнесмендердің айтуынша, егер үкімет талаптары жүзеге асырлатын болса, бұл салада жұмыс жасайтын кәсіпорынның 99,9 пайызы жұмысын тоқтатуға мәжбүр болады.Алматы кәсіпкерлер қауымдастығының жетекшісі Виктор Ямбаевтың пікірінше, қаулыға өзгеріс енгізгендер шағын кәсіпкерлікпен шұғылданатын кәсіпорындарға орындалмайтын талап қойып, кәсіпкерлерді бұл нарықтан кетірмек ойы болған.

Бұл орайда, біз Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі қызметкерлерінің пікірін білуге тырыстық, алайда министрліктің жауапты қызметкерлерінің телефондары жауап қатпады. Наурыздың 18 күні Қазақстан үкіметіне наразылық білдірген бизнесмендер Индустрия және сауда министрлігі қара және түсті металлургияның екінші деңгейіндегі нарығына монополия енгізіп, бар мүмкіндікті “Қазвтрочермет” мекемесіне бермекші дегенді айтқан болатын. Сол себептен біз “Қазвторчермет” мекемесіне хабарласып көрдік. Алайда бұл мекемедегі хатшы қыз, “ директордың қолы бос емес, ол жиналыста”- деп жауап қайтарды. Қара және түсті металлургияның екінші деңгейіндегі нарығында жұмыс істейтін бизнесмендердің айтуынша, бұндай жағдай бұдан бұрында, атап айтқанда 1999 жылы орын алған.Соның салдарынан мемлекет бюджеті 20 миллион АҚШ доллары көлеміндегі ақшадан құр қалған болатын,- дейді бизнесмендер.
XS
SM
MD
LG