Accessibility links

Алматыда алғашқы наурыз мейрамы тойланды


Наурыздың 19 ы күні Алматыда Дүниежүзі Қазақтарының Қауымдастығының ұйымдастыруымен наурыз мейрамы тойланды.

ДҚҚ –ының төрағасының бірінші орынбасары Қалдарбек Найманбаев радиомызға берген сұқбатында жұмы күнгі осы ұйымның ұйымдастырған наурыз мейрамына әлемнің 11 елінде тұратын қазақ диаспорасының өкілдері мен Қазақстанға оралған оралмандар өкілдері және де Алматыдағы бірқатар шетелдік елшіліктердің қызметкерлері де қатысқандығын хабарлады. Алматыдағы Ш.Уәлиханов көшесі бойындағы төрт қабат ғимарат алдына қазақтың алты қанат ақ боз кигіз үйі тігіліп, қазақтың әсем ою өрнектері салынған текеметтер және тұскиіздері мен үй ішін безендіріліпті. Наурыз мейрамына жиналған қалың жұрт алдында ДҚҚ ның төрағасының бірінші орынбасары Қалдарбек Найманбаев сөз сөйлеп, жиналған жұртшылықты наурыз мейрамымен құттықтады. Бұдан соң белгілі сазгер әрі әнші Қыдырәлі Болманов басқарған «Ұлытау» тобының концерті болды. Наурыз мейрамына жиналған жұртшылық кигіз үй ішіне және сыртына қойылған қолөнер шеберлері мен суретшілердің өнер туындыларын да қызықтап жатты. Түркияның Қазақстандағы елшілігінің мәдениет мәселесін жауаптанған қызметкері Ахмед Дуренбэй қазақ халқын және бүкіл түркі халықтарын наурыз мейрамымен құттықтайтындығын жеткізді. Ал Моңғолияның Қазақстандағы елшілігінің бас консулы Пүрэвдаш көктем мейрамы- наурыз мейрамымен қазақ халқын құттықтап, барлық жақсылықтарды тілейтіндігін айтты. Наурыз мейрамы әрине наурыз көжесінсіз болмайды. ДҚҚ ның ұйымдастырған алғашқы наурыз мейрамына жиналған жұртшылық наурыз көжесінен дәм татып, бірі бірін үлкен мерекемен құттықтасты.
XS
SM
MD
LG