Accessibility links

Жолдауға қатысты әртүрлі пікірлер айтылды


Президент Нұсұлтан Назарбаевтің Қазақстан халқына Жолдауы Парламент депутттарына әртүрлі әсер қалдырыпты. Ал, жекелеген министрлер, бұл жолғы Жолдауда да маңызды мәселелер қозғалды деген пікір білдіріп отыр.

Парламент Мәжілісінің депутаты Серікболсын Әбділдин: «Жыл сайын Жолдау жасалады, бірақ одан халыққа келіп жатқан пайданы көріп отырған жоқпын. Көптеген адамдардың жұмыссыз жүргені сол қалыпында.Жоқшылық әлі бар. Сондықтан бұл саяси сөздердің бір түрі ешкімге пайда бермейтін»,- дейді. Әбділдин мырза Президент бұл жолы тұрғын үй мәселесіне маңыз беруге тырысты деп есептейді. «Баяғыда біз «Тұрғын үй-90» деген мәселені көтеріп едік. Соған бұл кісі 15 жылдан кейін қайтып оралған сияқты. Оның да нәтижесі халыққа белгілі. Үйдің бағасын арзандатуға мүмкіндік жоқ. Ол нарыққа байланысты,»-деді ол. Сенат депутаты Қуаныш Сұлтановтың пікірінше, Президент Жолдауында халық көкейінде жүрген мәселелер айтылды. Ал, депутат Уәлихан Қайсаров, Жолдауды жазғандар экономика, рынок саласынан хабары аз адамдар емес деп есептейді. Қайсаров мырза бұл жолғы Жолдаудан демографиялық, тілге қатысты мәселелерді де күткенін, бірақ ол жайында айтылмағанын, ал керісінше мемлекеттік қызметшілерге ағылшын тілін білу жайының көтеріліп отырғанын атады.
XS
SM
MD
LG