Accessibility links

Бағдадтан батысқа орналасқан әл-Фаллуджа қаласындағы зымырандық шабуылдан 2 АҚШ жауынгері қаза болып, 7-і жараланды.


БАҒДАД: Ирақтағы АҚШ әскерилерінің мәлімдеуінше, Бағдадтан батысқа орналасқан әл-Фаллуджа қаласындағы зымырандық шабуылдан 2 АҚШ жауынгері қаза болып, 7-і жараланды. АҚШ әскерінің өкілі генерал Марк Киммиттің хабарлауынша, Әл-Фаллуджа қаласының іргесіндегі АҚШ-тың әскери базасы кеше кешкісін атқыланған. Бүгін Бағдадтың орталығы да зымыраннан атқыланып, бастапқы дерек бойынша, жергілікті 1 тұрғын опат болып, үшеуі жараланған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG