Accessibility links

ЕуроОдақ елдерінің сыртқы істер министрлері Испаниядағы террористік қастандықтардың ізінше бүгін терроризмге қарсы күрес мәселесін талдау үшін Брюссельде бас қосты.


БРЮССЕЛЬ: ЕуроОдақ елдерінің сыртқы істер министрлері Испаниядағы террористік қастандықтардың ізінше бүгін терроризмге қарсы күрес мәселесін талдау үшін Брюссельде бас қосты. Оның барысында Иран, Сирия және жалпы Таяу Шығыстағы ахуал, оның ішінде экстремистік “Хамас” тобының көсемі шейх Ахмад Йассиннің бүгінгі өлімі сөз болады деп күтілуде. Бұл бас қосу ЕуроОдақ аясында терроризмге қарсы күрестің үлестірушісін тағайындау мен ақпарат алмасуды жетілдіру бойынша ішкі істер мен әділет мекемелері жетекшілерінің жұма күнгі кездесуінің артынша өтуде.
XS
SM
MD
LG