Accessibility links

Астана орталығында театрландырылған шеру өтті. Республика үкіметі ғимаратының алдынан ондаған киіз үйлер тігілді. Олардың барлығы ең қонақжай, ең өнерпаз, қожайындарды іріктейтін байқауға қатысты. Киіз үйлер негізінен әкімшілік өкілдеріне, полиция қызметкерлеріне және тілшілірге ашық болды. Халықтың көп болғаны соншалық Астананың басты алаңына сыймай кетті.

Наурыз мерекесі қарсаңында күн сәл жылынғандай болды. Бұдан бірнеше күн бұрын аяз болып тұрған. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мерекелік шеру кезінде республиканы болашақта үлкен өзгерістер күтіп тұрғанын айтты. Бұл шығыстың жаңа жылы болып саналады. Сондықтан, біз шын жүректен болашаққа үлкен үміт артамыз. Задачи поставленные в своем послании говорит о том что Казахстан уверенно смотрит в свое будущее. Мереке қарсаңында, президент Астана әкімін ауыстырып, бұрыңғы Қостанай облысының әкімі Өмірзақ Шүкеевті тағайындаған болатын. Ақын Серік Тұрғымбековтың ойынша, жаңадан келген әкімдер алғашқы кезде, елеулі өзгерістер жасауға тырысады.

Жаңадан келген адам жаңа ерекшелігі, екпіні, ойы, бұлқыны, болады. Қалай болғанда да, бұрынғыға қарағанда басқаша әрекет жасайды. Жалпы, Астана тұрғындарын шығыс күнтізбесі бойынша аталатын жаңа жылда көп өзгеріс күтіп тұр дейтін пікірлер бар. Ал, наурыз қазақстанда тойланбағанына 62 жыл болған. Егер 1988-жылдан бері ресми түрде енгізілген деп есептесек, биыл қазақстандықтар наурызды 16-інші рет атап өтеді. Көпті көрген қариялардың ойынша, кеңес одағы кезінде, астарында дін бар деген сылтаумен тыйым салынған мерекені тәуелсіз қазақстанда ешкім тоқтата алмайды. Бірақ, әттегенайлар әр кезде де болады. 74 жастағы Қалижан Асановтың пікірінше, нарық заманы басталғалы той домалақтар да өзгерген. Бала кезімізде бұлақтың басында сабан той ашып, қандай табыс болды соны айтады. Қазір ондай жоқ, күнделікті нан бар, соған мәз болады. Ал, Асановтар отбасының ошақ иесі Жәмила апайдың ойынша қазіргі той -думандар бұрыңғылармен салыстырғанда берекелі өтеді. Біздің бала кезімізде, мұндай үлкен жиын болмайды. Ат шаптырады, қыз қуар қуады, алтыбақан тебеді, бірақ, мұндай көп адам болмайды. Астананың тілдерді дамыту басқармасының бастығы Қонысбай Әбілдің ойынша наурыздың мәртебесін әлі де көтеру қажет. Мұсылман халқы тойлайтын болған соң, дінге шатыстырған, ол наурызды тойлатпау үшін тапқан дүниесі. Бәлен жыл бойы, кім көрінгенге төрімізді, нанымызды беріп қана қоймай, бөтеннің тойын тойлап шаршадық. Ақын Серік Тұрғымбековтың пікіріде осыған ұқсас. Қысты күні келетін қаңтардағы жаңа жылды, кеңес одағынан қалыптасып қойғаны болмаса, қазақтың қанына жақын деп айта алмаймын, жаңа жыл бастауы наурыз болу керек. 18 ғасырға дейін, ежелгі Мысыр, Грекия, Ұлыбритания және славян елдері жаңа жылды наурыз айында тойлаған. Бұл мереке ісләм діні келмес бұрын, 2 мың жыл бойы Таяу Шығыспен Азия елдерінде аталып өтілетін. Этнограф Тоқтасын Өмірзақовтың пікірінше, бұл мереке ғылым мен дін бөлінбей тұрған кезде шыққан. Тойламаған ел жоқ, ағылшындарда, француздарда, славяндарда тойлаған, себебі жаратылыс барлық адамға ортақ. Сөйтіп, жаңа жыл қашан келеді? Еуропалықтар, оны қыста, қазақтар мен Орта Азия елдері көктемде, Қиыр Солтүстік және Индонезия елдері жазда, ал моңғолдар мен еврейлер күзде қарсы алады екен. Бұл мерекелердің барлығына тән ортақ нәрсе бар. Барлық жаңа жыл мерекелері күнге байланысты. Көктеммен күзде күнмен түн ұзақтығы теңеседі, қыста күн қысқарады, жазда керісінше ұзарады.
XS
SM
MD
LG