Accessibility links

Алматыда тұрақты кеңестің кезекті отырысы өтті

  • Досан БАЙМОЛДА

Наурыздың 23 і күні Алматыдағы «Достық» үйінде азаматтық қоғамды одан әрі демократияландыру мен дамыту жөніндегі тұрақты кеңестің осымен 10 –шы реткі мәжілісі болып өтті. Кеңес жұмысына парламент депутаттары, президент әкімшілігінің жауапты қызметкерлері, саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың, үкіметтік емес ұйымдар мен діни конфессиялардың жетекшілері қатысты.

Отырыста алдымен Қазақстандағы сот жүйесін реформалау ісін жетілдіру мәселесіне байланысты жұмыс тобының жетекшісі, сенатор Қуаныш Сұлтанов тың баяндамасы тыңдалды. Бұдан соң пікір талас жүрілді. Қуаныш Сұлтановтың айтуынша демократиялық, құқықтық мемелекетте ең алдымен сот жүйесі дұрыс болуы керек. Ол үшін сот жүйесі әкімшілік ықпалынан ажырап, неғұрлым халыққа жақынырақ болғаны абзал. «Сот жиыны тек кәсіби мамандар жиналған орта болмауы керек, оған қоғамның түрлі өкілдері де қатысулары қажет, яғни бұрын қазақта болған билер кеңесі секілді жүйе құрылуы керек дейді Қуаныш Сұлтанов. Сейсенбі күні Алматыда өткен отырыста осы мәселеге байланысыты қызу пікр таластар да болды. Мәселен, Патриоттар партиясының төрағасы, мәжіліс депутаты Ғани Қасымов болса арбитраждық сотты қайта құру деген пікір көтеріп өз ойынан қайтпай отырып алды. Бірақта кейбір заңгер, сот мамандары тарапынан бұрын бұның болғандығын айтып қазір қажеті жоқ екендігі нақты дәлелдермен дәлелдеген соң барып ол өз ойынан бас тартты. Мәжіліс депутаты Серік Әбдірахманов жергілікті соттарды сайлау керек деген ұсыныс жасады. Бірақта Мақсұт Нәрікбаев, Бауыржан Мұхамеджановтар тарапынан бұл негізгі заңға өзгеріс енгізу деген сөз, бұл ұсыныс әзірше орындалмайды деген соң ол дағы алғашқы өз ойынан бас тартты. Тұрақты кеңес мүшелері бұдан соң сайлауды автоматтандырылған ақпараттық жүйені пайдалану арқылы жүргізу туралы орталық сайлау комиссиясының төрайымы Зағипа Балиеваның баяндамасын тыңдады. Оның айтуынша биылғы жылы үкімет электрондық дауыс беру жүйесінің алғашқы бағдарламасын іске асыруға деп 1,9 млрд теңге бөлген. Бағдарламаның жалпы құны 4,2 млрд теңге болмақ. З.Балиеваның пікірінше дауыс берудің электронды жүйесіне толық көшу ісі 2006 жылғы президент сайлауына дейін жүзеге асырылады. Алайда мәжіліс депутаттары Серік Әбдірахманов, Ерасыл Әбілқасымов қатарлы адамдар электранды дауыс берудің бұл жүйесінің Қазақстан үшін тиімсіз екендігін оның өте қымбатқа түсетіндігін және де қазақстан халқының көбінде компьютерлік сауат жоқ екендігін тілге тиек етті.
XS
SM
MD
LG