Accessibility links

Тәуелсіз бақылаушылардың Республикалық жүйесі (ТБРЖ) Қауымдастығы «Қазақстан Республикасының сайлау туралы» заңының жаңа нұсқасы таза, әрі адал сайлау өткізілуіне кепілдік бола алмайды деп мәлімдеді.

  • Болатбек ТӨЛЕПБЕРГЕН

23 наурызда Тәуелсіз бақылаушылардың Республикалық жүйесі (ТБРЖ) Қауымдастығы: «Қазақстан Республикасының сайлау туралы» заңының жаңа нұсқасы таза, әрі адал сайлау өткізілуіне кепілдік бола алмайды. Заңда сайлау процесін жақсартатын оң өзгерістермен қатар, ашық және әділ сайлаудың жүргізілуіне бөгет болатын әкімшілдік және техникалық мүмкіндік сақталған деп мәлімдеді.

Бұл туралы толығырақ тарқатқан қауымдастық төрағасы Дос Көшімнің айтуынша өздері ұсынған 20-дан астам өзгертулердің бастылары аталған құжатқа кірмей қалған. «Заңда тіркелу уақытына дейін өтелмеген немесе заңды түрде жойылмаған сотқа тартылған кандидаттың тіркелуіне тыиым салынған норма сақталған.Сайлаушылардың қосымша тізімі жайлы мәселе жөнге салынған жоқ.Сайлаушылар тізімін дайындау мен оған жауаптылықтың механизмі де шешімін таппады. Ал электрондық дауыс беру жүйесіне бақылаудың қиындығынан сайлаушылар да, бақылаушылар да өз таңдауларының дұрыс есептелгендігін тексеруге мүмкіндік ала-алмайды» -дейді , қауымдастық өкілдері. Сөйтіп, аталған қауымдастық «ҚР сайлау туралы» Конститутциялық заңына толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы» заң жобасының бірнеше бабы бойынша ұсыныстарын депутаттарға жолдады.
XS
SM
MD
LG