Accessibility links

Әлемдегі жетекші елдердің басшылары бүгін Мадридте 11 наурыздағы террористік қастандықтың 190 құрбаны бойынша аза тұту рәсіміне қатысты.


МАДРИД: Әлемдегі жетекші елдердің басшылары бүгін Мадридте 11 наурыздағы террористік қастандықтың 190 құрбаны бойынша аза тұту рәсіміне қатысты. Испан патшасы Хуан Карлос пен оның әулеті және басқа мыңдаған кісі кафедралық шіркеуге келіп жазықсыз қаза болғандарға тағзым етті. Аза тұту рәсімі барысында дұға оқыған Мадридтің архиепископы, кардинал Антонио Роусо Варела Мадридтегі террористік қастандықты “жеркенішті қаныпезерлік” деп сипаттады. Осы рәсімнің дәл алдында Испанияның жаңа сайланған премьер-министрі Хосе Луис Родригес Сапатеро мен британ премьер-министрі Тони Блэр алғаш рет кездесті.
XS
SM
MD
LG