Accessibility links

Вашингтонның Таяу шығыстағы реформалар ұсынысы бір қатар елдердің сынына кезігіп отыр.


Соңғы кездері Ауғанстан мен Ирақтағы соғыс әрекеттеріне байланысты, АҚШты сынайтындар араб әлемінде көбейіп, күдіктенушілер Еуропадан да табыла бастады.

Сондықтан, АҚШтың Таяу шығыс, Иран, Ауғанстан және Пәкістандағы демократияны дамыту жөніндегі ұсыныстары тұйыққа тіреліп тұрғандай. Соған қарамастан, Вашингтон әлі де болса ол жоспардан үмітін үзер емес. Беделді 8 елдің маусым айында өтетін алқалы жиынында АҚШ Таяу шығыс бойынша өзінің Негізгі ұсынысымен шықпақ. The New York Times-тың жазуынша, АҚШ енді, Таяу шығыс елдеріндегі саяси, экономикалық және мәдени реформалар жөніндегі жоспарын шетке сырып қояр, себебі арабтар мұны сырттан келген күштеу саясаты деп түсінеді.

Бірақ през. Буш осыдан 4 ай бұрын Таяу шығыстағы баламалы сайлау, парламенттік қағида, елдегі наразылық және әсірешілдік жөнінде айтқан еді. - Араб ғалымдарының сөзімен айтсам, демократия толқыны араб елдеріне де жетті. Бірақ еркіндіктің жоқтығы адамзат дамуына кедергі болуда, сондықтан саяси дамуға да кері әсерін тигізуде. Ол ғалымдардың айтуынша, еркіндік, азаттық тапшылығының салдары Таяу шығыс, тіптен әлем елдеріне де ауыр болмақ, - деген болатын през. Буш.

Бірақ, АҚШ, біздің лаңкестікке қарсы күресімізден мақсат демократия орнату, дегенімен, уақыт көрсеткеніндей, араб елдерінде бұл үлкен дау туғызды. Ал оған себеп, беделді 8 елдің жиынына дайындалған жұмыс құжатының мазмұны ақпан айында араб баспасөзінде жарияланып жіберген екен.

Онда айтылғанындай, 8дік топ елдері Солтүстік Африка, Таяу шығыс, Иран, Ауғанстан және Пәкістандағы президенттік, парламенттік сайлауларды бақылайтын тәуелсіз комиссияларды құруға, күшейтуге көмектесуі керек деген болуы керек. Яғни 8дік ол аймақтардағы демократия, адам құқытары және бейүкіметтік ұйымдар үшін берілетін қаржыны ұлғайтуы қажет екен. Сонда, ондай жоспарға араб елдерінен, кімдер тікелей қарсы болып отыр ? Басқаларын айтпағанның өзінде, АҚШқа жақын серіктес делінетін Сауд Араб елі, Йордания және Мысырдың өзі бұл жоспарды өзге елдегі өзгеріс үшін шеттен жасалмақ біржақтама міндеттеу әрекеті, дейді. Мысалы, Сауыд араб елі сыртқы істер министрі ал-Файзалдың айтуынша, АҚШтың бұл ұсыныстары, араб халқы және үкіметттері өздерінің шаруасын білмейді, деп олардың намысына тиеді. Ал ол, араб халқының мәдени тарихының қаншалықты тереңде жатқандығын, өз ішкі мәселелерін өздерінің реттей алатындығын білмейді, деген сөз, дейді министр.

Сондай-ақ, Йордания сыртқы істер министрі Марван Муашер де, кез-келген реформа сырттан емес іштен жасалады, сондықтан 8дік топ араб елдерінің бұл көзғарасына тиісті жауабын берер, деп үміттенеді. Франция президенті Жақ Шырақ, біз кеңесе, өзара ынтымақтаса жасалған модернизацияға қарсы емеспіз. Бірақ оны күштеп еңгізуге, ішкі іске араласуға қарсымыз, десе, Британия сыртқы істер министрі Джак Стро, Араб-Израиль жанжалын шешіп алмастан жатып, Таяу шығыстағы мәселелерді шешу мүмкін емес шығар, дейді.

Дегенмен, Парсы шығанағына осы айда іссапармен барған кезде, АҚШ мемлекеттік хатшысы Колин Пауел АҚШтың мақсаты - біреуге өзінің бұл жоспарын күшпен қабылдату емес, ол елдегі реформаларды іске асыруға көмектесу, деп, айтылған сындарға жауап бермек болған.

Бірақ Колиннің өзі де, әр елдегі демократиялық өзгерістер, сол елдің тарихы, мәдениеті, мемлекеттігі, әлеуметтік, саяси дамуы және болашағына орай жасалуы тиіс, дегенді тағы айтады.
XS
SM
MD
LG