Accessibility links

Еуропа одағының қазіргі кезекші президенті Ирландия ЕуроОдақтың жаңа конституция жобасын талқылауды жалғастыруға шақырды.


Бұл мәселе өткен желтоқсанда дауыс беру құқы жағдайына байланысты шешімін таппай қалған болатын. Ирландия бас министрі Берти Ахерннің айтуынша, бұл мәселеде ЕуроОдаққа мүше елдер осы жазға дейін бірер келісімге келіп қалар. Одақтың конституциясының бұрынғы талқылауында Испания мен болашақ мүше Польша қарсы болып, Германия және Франция сықылды мемлекетттерге шектен тыс билік берілуіне көнбеген еді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG