Accessibility links

Хамас тобының саяси жетекшісі Халед Машал Шейх Ахмед Йассинның өлімі үшін Израильдан кек аламыз дейді.


Машалдың Ройтер тілшісіне айтуынша, өткен дүйсенбі күні тікұшақпен соққы беріп Йассинді өлтіргеннен кейін енді Израиль қауіп-қатерсіз отыра алмас. Оның айтуынша, хамастық жауынгерлер, енді ішінде бас министр Ариель Шарон да бар, Израиль жетекшілеріне қастандық жасауға толық құқы бар және міндетті.

Біздің Ариель Шаронға айтарымыз, қанға – қан , жанға-жан, жолдаған оқтары жендеттердің өзіне қайта барып тиеді. Хамас айтқанынан қайтпайды. Израиль күйрейді, біз жеңеміз, - дейді Хамас ұйымы жетекшісі Халед Машал.

БҰҰ ұйымындағы Араб елдері Қауіпсідік кеңесінен Йассиннің өліміне байланысты Израильді айыптау қажет керек деген талап қойып отыр. Ал Израиль сыртқы істер министрі Силван Шалом болса БҰұйымын лаңкестіктікпен күрес бойынша арнайы жиын өткізу қажет дейді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG