Accessibility links

Британия бас министрі Тони Блэр Ливия елбасы Муаммар Каддафимен кездесу үшін Триполиге келді.


Тони Блер бүгін Триполиде Ливия елбасы Муаммар Каддафимен кездесіп, бұл өзара жаңа серіктестікті құптады. Оның айтуынша, Каддафи Ал-Қайда ұйымына қарсы күресті ортақ шаруа деп есптейді екен. Ол бұл жөнінде Ливия елбасы Каддафимен келіссөздер жүргізгеннен кейін айтты. Блэрдің айтуынша, Ливияның Батыспен өзара мәмілеге келуі араб әлеміндегі өзге елдерге аса маңызды белгі, үлгі болмақ.

- Егер біз ядролық, химбиологиялық қарулары бар елдерді олардан өз еркімен бас тартуға көндіре алсақ , онда өткендегі қырғиқабақтық ақуал ұмытылып, барлық халықтардың өмірлері жақсарып, қауіпсіздік орнаған болар еді, - деген Тони Блэр.

Сонау 2-дүниежүзілік соғыс кезіндегі Уинстон Черчилдің сапарынан кейін, Тони Блэр Ливияға Ұлы Британиядан келген алғашқы жоғары дәрежелі ресми қонақ болып отыр. Желтоқсан айында Ливия өзіндегі жаппай қырғын қарулары бағдарламасынан бас тартқан болатын. Ал оған түрткі болған нәрсе Британия және АҚШ пен өткізілген құпия келіссөздер еді. Британия бас министрі кеше сәрсенбіде халықаралық қауымдастықты террорлық әрекеттерден, ядролық, химбиологиялық қару шығару бағдарламасынан бас тартып отырған Ливия сияқты оқшауланып қалған елдермен өзара байланысқа шақырды. - Терроршылықты қаралап, ядролық, химбиологиялық қарулардан бас тарқан елдерді енді өзара серіктестікке шақыралық. Солардың бірі батырлық жасап отырған Ливия. Бұл өткендегі қиындықты ұмыту емес, жаңа өзгерістерді мойындау болады, - деген Тони Блэр. Ал сейсенбі күні Ливия елбасы Каддафимен АҚШ мемлекеттік хатшысының орындасары Уиллиям Бернс кездескен болатын. Бұл екі ел арасындағы соңғы 24 жылдағы алғашқы жоғары дәрежелі кездесу еді.
XS
SM
MD
LG