Accessibility links

АҚШ-тың ғарыштық агентігі - НАСА дыбыстан 7 есе жылдам ұшатын ұшақты сынақтан өткізді.


ВАШИНГТОН: АҚШ-тың ғарыштық агентігі - НАСА дыбыстан 7 есе жылдам ұшатын ұшақты сынақтан өткізді. Ұшқыш отырмайтын “Экс-43-Эй” аппаратты бомбалаушы ұшақ әуеге көтеріп, зымыранның көмегімен ол жылдамдық алып, онан соң 10 секундтің ішінде өзінің реактивті моторын іске қосып, ақырынды Тынық мұхитына барып құлады. Ғалымдар бұл жаңа техника болашақта сағатына 8 мың шақырымдық жылдамдықпен ұшып, ғарышқа шығуды және алыс қашықтыққа жолаушы тасымалдауды арзандатады деп үміттенеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG