Accessibility links

Израильде прокуратура премьер-министр Ариэль Шаронға сыбайластық жемқорлық айыбын тақпақшы.


ТЕЛЬ-АВИВ: Израильде прокуратура премьер-министр Ариэль Шаронға сыбайластық жемқорлық айыбын тақпақшы. Израиль теледидарының хабарлауынша, таяу күндері айыптау актісі Бас прокуратураға түсіп, ол Шаронға қарсы қылмыстық іс қозғау жөнінде ақырғы шешім қабылдауға тиіс. Жемқорлық жанжалының ішінде Ариэль Шаронның ұлы – Гиладтың да есімі бар. Бұл іс - қозғалмайтын мүліктің заңсыз саудасынан шығып отыр. Премьер-министрдің өзі заңды бұзғанын жоққа шығарады.
XS
SM
MD
LG