Accessibility links

Қазақстан Үкіметі ұсынған «Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығы туралы» жаңа заң жобасын Парламеттегі жұмысшы тобы мен елдегі денсаулық сақтау саласының қызметкерлері жарамсыз деp бағалап отыр.


Әлемдік денсаулық сақтау ұйымының талабынша дамушы елдердегі денсаулық сақтау саласы дұрыс қалыптасуы үшін ішкі өнімнің 5 пайызы аталған салаға жұмсалуы қажет екен. Алайда Парламент депутаттарының дерегінше Қазақстанда ішкі өнімнің 2,2 пайызы ғана денсаулық сақтауға бөлінетін көрінеді. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатындағы Қазақстан Үкіметі ұсынған «Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығы туралы» жаңа заң жобасын Парламеттегі жұмысшы тобы мен елдегі денсаулық сақтау саласының қызметкерлері жарамсыз деп тауып отыр.

Бұл Алматыда өткен депутаттар мен денсаулық сақтау саласының мамандарының аталған заңды талқылауы барысында мәлім болды. Депутат Е.Әбілқасымовтың дерегінше ел бюджеті денсаулық саласына қажетті қаражаттың 40-45 пайызын ғана бере алып отыр. Осындай көңілдің аз бөлінуіне жауапты Үкіметті сынаған Е.Әбілқасымов олардың заңға мән бермеуі де түсінікті дейді ол. Ал депутаттардың пікірінше аталған заңды толыққанды жасауға әлі көп уақыт керек екен.
XS
SM
MD
LG