Accessibility links

“Айқын”, “Литер”, “Комсомольская правда “Казахстан”, “Егемен Қазақстан”, “Жас алаш”, “Известия Казахстан”.

  • Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ

30 наурыз күнгі жарық көрген мерзімді басылымдар Өзбекстанда үш жарылыстың орын алғандығы туралы жазыпты. Сонымен қатар-сайлау тақырыбына арналған мақалалар да сейсенбі күнгі жарық көрген газеттерде талқыға салыныпты.

30 наурыз күнгі жарық көрген мерзімді басылымдар Өзбекстанда үш жарылыстың орын алғандығы туралы жазыпты. Сонымен қатар-сайлау тақырыбына арналған мақалалар да сейсенбі күнгі жарық көрген газеттерде талқыға салыныпты. “Айқын” газеті келтірген мәліметтерге жүгінсек, Өзбекстанда орын алған үш жарылыстың кезінде 19 адам қаза тапқан. Елдің өкіметі осы оқиғаға Өзбекстанның исламдық қозғалысының қатысы бар деген сыңайдағы болжам жасап отыр. Ресми ақпарат бұлақтарынан алынған мәлметке жүгінсек, алғашқы жарылыс жергілікті уақыт бойынша сағат 8 жарымда Ташкенттегі ең үлкен базар “Чорсудың” маңында “Балалар әлемі” дүкенінің алдында орын алған. Бұл жерде екі адам өліп кеткен. Жарты сағаттан кейін милиция бөлімшесінің жанында тағы бір жарылыс болып, жанкештімен бірге үш милиционер және бір бала қаза тапқан. Ресми Ташкент кешке дейін ешқандай да мәлімдеме жасамаған. Осы тақырыпты жалғастырған “Литер” басылымы Ташкентпен қатар Бұхара қаласында да екі жарылыстың орын алғандығын хабарлапты. Газет тілшісінің хабарлауынша, өзбек жағынан шыға берісте бір автокөлік ұсталған. Ол автокөліктің ішінен шахидтар пайдаланатын белбеулер табылған. Мақала авторының айтуынша, оқиға орын алған күні милиция қызметкерлері Ташкент қаласының тұрғындарын таңғы сағат бестен тұрғызып, тексерген. Жұмыс жасауға тиым салынған. Ал, Қазақстандағы Өзбекстан елшілігі орын алған оқиға туралы әзірше ешқандай мәлімет бермей отыр. “Комсомольская правда” газетінің “Қазақстан” қосымшасы сейсенбілік санында Ташкентте орын алған оқиғадан кейін Өбекстан мемлекетімен шекараласатын Оңтүстік Қазақстан облысында тексеру жұмыстарының күшейтілгендігі баяндапты. Мақала авторының айтуынша, құжаттардың бәрі де қатаң тексеріліп, шекара пүнкттерінің бәрі де жабылған. Орыс Ғылым Академиясының шығыстану институты директорының орынбасары Анатолий Егориннің айтуынша, Ташкент пен Бұхарада орын алған террорлық актінің артында “Әль –Қайда” атты халықаралық террористік ұйымның өкілдері болуы ықтимал. Анатолий Егоринге террористік актінің жасалу ерекшелігі мұндай болжам жасауға септігін тигізіп отыр. Сарапшының айтуынша, терроистердің іс-қимылдары оларды бір ұйымның дайындағандығын аңғартады. “Егемен Қазақстан” басылымы болса, соңғы санында Қазақстан Президентінің өз атынан және республика халқының атынан Өзбекстан Президенті Ислам Каримовке Ташкенттегі және Бұхарадағы лаңкестік әрекеттердің салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты шын ниеттен көңіл айтқандығын хабарлапты. Ал, Өзбекстан Президенті Ислам Каримов болса, Нұрсұлтан Назарбаевты лаңкестік әрекеттерге қатысты мәселелерді тергеу және лаңкестерді ұстау жөнінде өзінің арнаулы топ құрғаны туралы, тұтастай алғанда елде тыныш жағдай сақталып отырғаны туралы хабардар етіпті. Сонымен қатар сайлау жақындаған сайын осы тақырыпты талқалау мерзімді басылымдарда жиілеп кетті. “Жас алаш” газетінің сейсенбілік санында Америка Құрама Штаты мемлекеттік департаментінің Қазақстандағы сайлау туралы және Бұқаралық ақпарат құралдары туралы заң жобаларына қатысты арнайы мәлімдеме жасағандығы хабарлапты. Газет тілшісінің хабарлауынша, Еуропдағы Ынтымақтастық пен Қауіпсіздік ұйымының Тұрақты Кеңесінде аталмыш ұйымның Америка Құрама Штатындағы ресми өкілінің орынбасары Даглас Дэвидсон бір емес, бірнеше рет Еуропадағы Ынтымақтастық пен Қауіпсіздік Ұйымының стандарттарына сай келетін сайлау заңын қабылдауға шақырғанын айта келіп, жаңа жобаның Еуропадағы Ынтымақтастық пен Қауіпсіздік Ұйымының бірқатар маңызды аспектілеріне жауап бере алмайтындығын айтыпты. Осы тақырыпты жалғастырған “Айқын” газетінде Америка Құрама Штатының ОБСЕ дегі ресми өкілі Даглас Дэвидсонның қайта жасалған сайлау туралы заңның бір данасын жіберуді Қазақстан өкіметінен өтініп хат жазғандығы хабарланыпты. Мақала авторының айтуынша, Даглас Дэвидсон мемлекет басшысы Заңға қол қойып, ол күшіне еніп кетпей тұрғанда “сараптап”, бұл заңды қабылдамауға президенттен өтініп сұрамақшы. Газет тілшісінің баяндауынша, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайынғы дәстүрлі жолдауын жариялап тұрып, осы екі заңды қолдайтындығын білдіріпті. “Известия” газетінің “Қазақстан” қосымшасында жарық көрген Ирина Галкинаның мақаласында күзгі сайлау кезінде электрондық сайлау жүйесінің енгізілмейтіндігі баяндалыпты. Мақалада келтірілген деректерге жүгінсек, сайлау науқанын ұйымдастыратын бір кабинаны электрондық сайлау жүйесімен жабдықтау үшін 4 мың доллар қаражат керек екен.
XS
SM
MD
LG