Accessibility links

Батыс ақпарат агенттіктерінің соңғы хабарына сәйкес, бүгін Ташкенттен солтүстік-шығысқа 15 шақырым жерде лаңкестердің қарулы тобы мен қауіпсіздік күштерінің арасындағы атыста кем дегенде 5 адам оққа ұшты.


ТАШКЕНТ: Батыс ақпарат агенттіктерінің соңғы хабарына сәйкес, бүгін Ташкенттен солтүстік-шығысқа 15 шақырым жерде лаңкестер ме деп күдік туғызған қарулы топ пен қауіпсіздік күштерінің арасындағы атыста кем дегенде 5 адам оққа ұшты. Өзбекстаннан алынған хабарға қарағанда, ішкі істер министрлігі Ташкент пен өзбек президентінің сарайы арасындағы жол бойында орналасқан Қыбрай ауданындағы тұрғын үйде бас сауғалаған лаңкестерді қоршауға алған. Осы атыс президент Ислам Кәрімовтің ұлттық теледидар арқылы жексенбілік және дүйсенбілік лаңкестік әрекеттер туралы сөз сөйлеуін кейінге қалдырды. Ол лаңкестіктер үшін үкімет ислам экстремистерін айыптауда.
XS
SM
MD
LG