Accessibility links

Өзбекістандағы қан төгістердің артында кім тұр?

  • Ардақ НҰРҒАЛИ

Өзбекістанда үш күндік лаңкестердің сақшылармен қақтығыстары барысында кемінде 42-і кісі опат болды. Шабуылдар барысында жанпидашылардың өздерін жаруы, көліктерді жаруы және тұрғын үйде бекінгендермен атыстар орын алды. Ресми орындар бұл шабуылдардың артында асыра діншілдер тұр деуде. Бірақ ақпараттың аздығынан шабуылдарды кімдердің, не себептен ұйымдастырғандығы әзірше беймәлім күйде.

Өзбек реми өкілдері лаңкестік шабуылдар басталған шақтан бұл жарылыстардың артында Хизб-ут-Тахрир тобы мен Өзбекістанның Ислам қозғалысы тұр деп жариялады. Өзбекістанның Ислам қозғалысы ұйымының Әл-Қайда лаңкестік ұйымымен байланыста екендігі белгілі. Ал Хизб-ут-Тахрир тобы болса тек бейбіт жолдарды қолдайтындығын жариялаумен келеді. Осы орайда Шотландиядағы Лаңкестікті зертеу орталығының маманы Тамара Макаренконың пікірі қызықты. Оның айтуынша, " Өзбек үкіметі Хизб-ут-Тахрирды барынша құбыжық етіп көрсетуге тырысып бақты, осы арқылы олар Хизб-ут-Тахрирдың мүшелеріне қарсы жасаған өздерінің қуғын сүргіндерін ақтауға тырысты." Ал Мәскеудегі Карнеги Орталығының талдаушысы Алексей Малашенко болса былай дейді: " Мен бұны Хизб-ут-Тахрир жасады деп ойламаймын, олар басқа талаптарды ұстанады, әрі бұрын соңды бұндай әрекеттерге барған емес. Бұл Өзбекістанның Ислам қозғалысы, не осы сынды ұйым болуы мүмкін. Тағы бір мәселе, бұл шабуылдарды Исламның саяси көрінісіндегі қалыптасқан жағдайдан тыс қаруға болмайды. АҚШ-ты қолдаушы елдер, соның ішінде Өзбекістанға, қауіп төніп тұр. Мадридте болған жағдай бұны көрсетті. Лаңкестікке қарсы одаққа кіруші елдер Ислам дұшпандары деп қабылданып оларға қарсы кез келген әрекет дұрыс деп есептелді." Кембридж Университетінің Орталық Азия бойынша талдаушысы Аннет Бордың айтуынша, " Бұл Өзбекістан және жалпы Орталық Азия аймағының қауіпсіздік жағдайына біршама ықпал етеді. Өйткені президент Кәрімовтың өзіне тән репрессиялық шаралары көршілес елдерге үлкен ықпал жасайды. Менің ойымша, ол қалыптасқан жағдайды барынша тұншықтыруға тырысады, бірақ бұл керісінше күшті қарсылық тудырады. Таяу арада осы сынды шабуылдар мен кері шабуылдар жалғаса бермек."
XS
SM
MD
LG