Accessibility links

Наурыз айында Ирақта америкалық 48 солдат қаза болған екен.


АҚШ Мемлекеттік департаменті хабарына қарағанда, бүгін Ирақта 9 америкалық қаза тапқан. Оның төртеуі келісімшарт бойынша келген азаматтар екен. Олар Фажуллах қаласында қаза болған. Ал, бес солдат жол бойындағы бомбалық жарылыстан дәл сол аймақта көз жұмып отыр. Құрама Штаттарының Мемлекеттік хатшысы Колин Пауел Ауғанстанға көрсетілер көмекке орай Берлинде болған басқосуда сөйлеген сөзінде: “Бұрынғы биліктің қалдықтары мен лаңкестер, сондай-ақ қазіргі күрделі жағдайды қалыптастырып отырған өзге де күштер қолға алынып, олар жеңілетін болады. Біз адамдар шығыны үшін қатты қайғырудамыз, сондай-ақ бүгін көз жұмғандардың үй-іші, жақын-жуықтарына көңіл айтуымды білдіргім келеді. Бірақ олардың өмірі тәуелсіздік жолында қиылып отыр. Ал Ирақ халқы бостандыққа ие болады. Ол жағдай жүзеге асады”-, деді.
XS
SM
MD
LG