Accessibility links

Ирақтағы зорлық-зомбылықтар бізді алған бетімізден қайтара алмайды дейді АҚШ.


Ирақтың Фаллуджа қаласында сәрсенбі күні болған қатыгез оқиға дүниені дурр сілкіндіргендей болды. Ақ Үй өкілі Ирақтағы шабуылшылардың бұндай қатыгездігіне қарамастан біз қорқып –үркуден аулақпыз. Біз өз алға қойған мақсатымыз, яғни, Ирақтағы билікті осы жазда демократиялық Ирақ үкіметінің қолына беру жөніндегі мақсатымыздан таймаймыз деді.

Соңғы күндері Ирақтағы америка жасақтарымен қарапайым тұрғындарға болып жатқан шабуылдар жиілеп кетті. Сәрсенбі күні Бағдат батысында аутокөлікке қойылған бомбадан 5 американдық солдат опат болды. Дәл сол күні бір мезгілде Бағдат теріскейндегі Бакуба қаласында да адам толы аутобус қопарылып тізгінші табан астында жан тапсырып, аутобус ішіндегі 14 ирақтық жарақаттанды. Қылмыстың ең жаманы Фаллуджа қаласында орын алды. Бір қарулы топ ирақта жұмыс істеп жүрген 4 американдық қарапайым азаматты машинасымен қолға түсіріп алдымен олардың көлігін өртеді. Содан кейін оларды ызалы топ қала көшесімен машинаға сүйретті. Денелеріне бензин құйып өртеді. Оларды тепкілеп пышақтады. Денелерін бөлшектеп көпірге , телефон дүнгіршектеріне іліп қойды. Олардың мәйттерінің үстіне "Фаллуджа американдықтардың моласы" деген жазулар жазып қойды. Ызалы топ "Басқыншылық жойылсын! Америка жойылсын!!" деп айқай салды . Содан кейін әлгі тобыр билеп шулап жеңіс тойын тойлады. Бұл Америка әскері Ираққа басып кіргелі бері болған жантүршігерлік оқиға делініп отыр. Осынау масқара көріністерді әлемнің негізгі телеарналары сәрсенбі күні көрсеткені белгілі. Осынау жан түршігерлік оқиғаларға орай Ақ Үй дереу мәлімдеме жасады. Ақ Үй өкілі Скот Магклеллан: "Біз қорқып үрікпейміз. Осынау ажал құшқан жандарды әспеттеудің ең дұрыс жолы біздің алған беттен қайтпайтынымызды көрсете беру ғана " дейді Магклеллан. Берлинде АҚШ сыртқы істер министрі Колин Пауел бұл лаңкестік жасап жүргендер Саддамды қолдаушылар деді. "Осынау бұрынғы режим қалдықтары, осынау лаңкестер және өзге де бүлік салып жүргендер тойтарыс алып, жеңілетін болады. Біз адам өмірлерінің қиылып жатуына өкініш білдіреміз, олардың отбасыларына көңіл айтамыз" деді Колин Пауел. Соныңмен бұл Ирақтағы соңғы кісі шығындары соғыс басталғалы бергі Ирақта опат болған америка жауынгерлерінің санын 597 ге жеткізіп отыр.
XS
SM
MD
LG